- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО кез келген серіктеске ашық– Д.Зорин
ЕАЭО кез келген серіктеске ашық– Д.Зорин
«Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қою тарихи оқиға болып қала бермек. Біздің мемлекеттер экономикалық одақ құра отырып еркін тауар, жұмыс күші мен капитал айналымына жол ашты. Өздеріңіз де білесіздер, Беларусь мемлекеті 2015 жылы ешқандай да шектеусіз одақ құру туралы бастаманы көтерді. Сонымен қатар екіжақты форматта шектеудегі пікір алуандығын қамтитын мәселелерді шешуге мүмкіндік туып отыр. Сол себепті аталмыш процестің игілігін алдағы уақытта мүше мемлекеттердің барлығы көрмек», - дейді Д.Зорин.
Оның айтуынша, ЕАЭО-ның басты идеясы – тауар мен капиталдың және жұмыс күшінің еркін алмасуы болып табылады.
«Басты әсер алдағы уақытта бой көрсете бастамақ. Бұл Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылғанынан бастап байқала бастады. Алдағы уақытта интеграцияның пайдасы арта түспек. Менің пікірімше, мемлекеттер арасындағы еркін сауда-экономикалық қатынастар мәдени және қоғамдық өмірге де әсер етпей қоймақ емес», - дейді.
Оның пікірінше, бүгінгі таңда елшіліктің басты міндеті – тауар айналымын арттыру үшін үш елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды арттыруға күш салу болып табылады.
«Біздің елде бірқатар салаларда айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Ондағы бағыт барынша инновацияға қарай қадам басу. Қазақстанның да инновациялық дамуды басшылыққа алып отырғанын біз білеміз. Бұл Қазақстанның дамуындағы стратегиялық басымдылықтардың бірі. Екі елдің осынау үндестігі өз жемісін бермей қоймақ емес», - дейді Д.Зорин.
«Бүгінде ЕАЭО экономикалық ықпалдасуға мүдделі кез келген әріптеске есігін айқара ашып отыр. Қазірден бастап көптеген елдер одаққа қызығушылық танытуда. Менің пікірімше аталмыш интеграцияның болашағы әлі алда», - дейді.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Шомылу маусымы кезінде нені ескеру керек -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты