Астана күніне донорлық акция орайластырылған

20 Маусым, 2014 13:58
Бүгін елордалық «Арай» саябағында және медицина мекемелерінде қала күніне орайластырылған «Елорданың игілігі үшін» акциясы аясында «Бір тамшы қан бір адамның ғұмыры» акциясы басталды. шарасы өткізіледі. Бұл туралы Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.

Сонымен,  қан алу орындары бүгін сағат 10.00. №1, №2 қалалық емханаларда ашылды, ал ертең «Арай» саябақтық аймағында және Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында жұмыс істейді.

Жоспар бойынша акция барысында 250-300 адамнан қан алу көзделген. Ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарын шараға қатысуға шақырады. Себебі, медициналық мекемелердің мәліметінше, бүгінгі таңда Астана қаласында қанға қажеттілік 2 есеге артып, күніне 100 литрге жеткен. Бұл жаңа медициналық нысандардың көбеюіне, көрсетілетін медициналық қызмет пен ота жасау санының артуына байланысты болып отыр. Бұл көрсеткіш жылына 83000 құрайды. Сондықтан қаламыздың әрбір сау тұрғынын донорлыққа тарту маңызды. Қан тапсыру акциясына қатысып, біз біреудің өмірін сақтай аламыз.

Барлық жаңалықтар