ЭБЖМ мен ҚМ жанында активтерді сатудың электронды алаңы жасақталады

20 Маусым, 2014 12:19
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлу министрлігі Қаржы министрлігінің бірыңғай сауда алаңының жанынан активтерді сатудың электронды алаңын жасақтайды, деп ҚР Парламенті Палатасының бірлескен отырысында ҚР ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаев ағынан жарылды.

«Өткен жүз жылдықтың аяғында өткен заңдастырудың алғашқы легі бүгінгі экономиканы құруға мүмкіндік берді. 2014-2016 жылдарға  арналған заңдастырудың кешенді жоспары шеңберінде мемлекеттік органдармен, жергілікті билік органдарымен, ұлттық холдингтермен заңдастыру бойынша арнайы комиссия жасақталды. Олар өздерінің жұмысын маусым айында бастады.  Комиссия жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында оған  жергілікті кәсіпкерлер палатасының және Нұр Отан партиясының өкілдері енгізілді», - деді Е. Досаев.

«Сонымен қатар, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлу министрлігі  Қаржы министрлігінің бірыңғай сауда алаңының жанынан активтерді сатудың электронды алаңын жасақтау туралы келісті», - деп ведомсвто басшысы атап өтті.

Бағалау қызметі туралы заңға сәйкес компанияның құнын бағалу жұмыстарына тәуелсіз бағалау компаниялары тартылады.

Ал, ірі компаниялар үшін халықаралық сарапшылар тартылып, олар компанияның нақты нарықтық құнын анықтап береді», - деді министр.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар