- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың прокуратураға жазған өтініштері ХҚКО арқылы қабылданады
Қазақстандықтардың прокуратураға жазған өтініштері ХҚКО арқылы қабылданады
Жоба Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында сынақтан өткізіледі, олар бүгінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және Астана қаласының прокуратура органдарына (Астана қаласының, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының прокуратуралары) жолданған өтініштерді қабылдай бастады, деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Енді арызданушылар жеке куәлікті ұсыну арқылы елорданың кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында жазбаша өтініш беріп, оған жауап ала алады.
Өтініштерді қабылдау рәсімі аяқталған соң сотпен куәландырылған сот актілерінің көшірмелері, қағаз нұсқадағы немесе электрондық ақпарат тасығыштардағы (флэшкалар, дискілер) өзге өтініштер қоса берілген қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне наразылық білдіру туралы өтінішхаттарды қоспағанда өтініштердің қағаз нұсқалары арызданушыларға қайтарылып беріледі.
Осы жоба азаматтардың прокуратура органдарына өтініш беруін оңайлату, бұзылған құқықтарын дереу қалпына келтіру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ жоба прокуратура органдарында қағаз құжат ағынын азайту жолымен құжат айналымын одан әрі оңтайландыруды көздейді.
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Карантин: Қандай қосымша шаралар қабылданады -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі -
Қазақ тілін IT жобалар арқылы үйренудің жолдары қандай -
Қазақстандықтардың ғаламторға қолжетімділігі қандай -
АШ өнімдері қазақстандықтардың сұранысын толығымен қамтамасыз ете ала ма -
Қазақстандықтардың жыл сайынғы балық тұтыну көрсеткіші төмен -
Тоқeев Ливaндағы қазақстандықтардың қауiпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды -
Нұртас Адамбай: Қазақ жері мен елі арқылы байыған кәсіпкерлер көмекке шықсын -
ЖОО-ға түсу үшін онлайн тестілердің сертификаттары қабылданады -
Мамин А. Мамин РФ үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті