- Басты
- Жаңалықтар
- «КazEOSat-2» екінші қазақстандық спутнигі сәтті ұшырылды
«КazEOSat-2» екінші қазақстандық спутнигі сәтті ұшырылды
«КazEOSat-2» (Kazakhstan Earth Observation Satellite – Жерді бақылайтын қазақстандық спутник) Қазғарыштың тапсырысы бойынша ірі француз Airbus Defence and Space концернінің құрамына кіретін Британияның Surrey Satellite Technology Limited (SSTL) компаниясы жасаған Жерді орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын бес мультиспектралды каналдардан бақылауға мүмкіндік беретін ғарыш аппараты.
«КazEOSat-2» спутнигінің ұшырылымы РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының негізінде құрылған «Днепр» зымыран-тасығышымен жүзеге асырылған болатын, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.
«КazEOSat-2» спутнигі ЖҚЗ қызметтерінің толық спектрлерін ұсынуға, Қазақстан Республикасының аумағында түсірілімдер алуға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға, жер кадастрын жүргізуге, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін картографиялау, Жердің басқа да учаскелерін мониторингілеу мақсатына бағытталған.
Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесі «KazEOSat-2» спутнигін ұшыра отырып, орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын ғарыш аппаратымен толықтырылды. Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесінің құрамына екі ғарыш аппараты (ү.ж. 30 сәуірде ұшырылған «KazEOSat-1» және бүгін ұшырылған «KazEOSat-2») мен мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешені кіреді.
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді