- Басты
- Жаңалықтар
- И.Рогов конституциялық заңнаманы дамыту бойынша ұсыныс жасады
И.Рогов конституциялық заңнаманы дамыту бойынша ұсыныс жасады
«Қазақстанның конституциялық дамуында Республика Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың Заңнан бастау алған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы үлкен рөлге ие», - дейді И.Рогов.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімінің сараптамасы мен Республикадағы конституциялық заңның жағдайы туралы жыл сайынғы жолдау негізінде Конституциялық Кеңес төрағасы И.Рогов бірқатар ұсыныстарын айтты.
«Біріншіден, бірқатар заңнамалық ұғымдарды пайдаланудың дұрыстығы заң шығару қызметінің дұрыс-бұрыстығы мен мазмұнына айтарлықтай әсер етеді. Тиісінше бұл өз кезегінде бірқатар заңдар мен заңнамалық актілердің сауаттылығына әсер етпек. Осы орайда заңның қабылдануы мен қолдануында конституциялық түсінікті аппаратты пайдану дәлдігіне мұқтаждық бар», - дейді И.Рогов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Конституциялық Кеңес заңнамалық актілер мен оларға негізделген заңдық күші бар нормативтік құқықтық актілерді шығаруды барынша сәйкестендіру қажеттілігін бірнеше рет айтты да. Тиісті талаптар қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Нормативті құқықтық актілер туралы» Заңына енгізілді.
«Алайда ол әрқашан сақтала бермейді. Заңдық күші бар құқықтық актілердің кешігіп қабылданатыны немесе мүлде қабылданбайтын жағдайы кездеседі. Нәтижесінде заңнамалық және заңдық күші бар реттеулерде тепе-теңдік сақталмай жатады», - дейді Конституциялық Кеңестің төрағасы.
«Шешімі тараптарға бірдей міндеттелетін ұлттық органдар үстінен қарайтын халықаралық интеграциялық бірлестіктердің реттеуші органдардың құрылуымен халықаралық-құқықтық актілерді мониторингтеу мәселесі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес болатындай етіп оңтайландырылды. Осы орайда Конституцияға сай келер-келмесін тексеруді қосқанда халықаралық келісімдерге қол қою мен ратификациялауға дейінгі кезеңдердегі сараптамалық жұмыс деңгейін мақсатты түрде арттыру керек», - деп түйіндеді сөзін.
Камила Амирова
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды