• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаевтың стратегиялық жоспарлары Қазақстанды күллі әлемге мойындатты - А.Әлиев

Н.Назарбаевтың стратегиялық жоспарлары Қазақстанды күллі әлемге мойындатты - А.Әлиев

20 Маусым, 2014 10:08
Мемлекет басшысы Нүрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық жоспарларының нәтижесінде Қазақстанды күллі әлем мойындайды, деп «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының директоры міндетін атқарушы Арман Әлиев ағынан жарылды.

«Нұрсұлтан Назарбаев біртуар азамат. Мұндай Президент ешбір мемлекетте жоқ.  Бұл  ретте тек жасақталған стратегиялық жоспарларға бір көз жүгіртсек болғаны. Бүгінде Елбасыны күллі әлем, өзге мемлекеттердің Президенттері мойындап отыр.  Менің ойымша, мұның себебі мемлекет басшысының экономиканың барлық салаларына бірдей көңіл бөлуінде», - деп А. Әлиев атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдары көптеген мәдениет мекемелері ашылды.

«Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың тілімізге, мәдениетіміге, салт-дәстүрімізге, әдебиетімізге деген қызығушылығы арқаныш болып және одан әрі артуы үшін барлығын жасауда. Қазіргі таңда тек Астананың өзінде 7 театр жұмыс істейді», - деп ол баса айтты.

«Мен, барлық қазақстандықтарды алдағы келе жатқан Астана күнімен құттықтағым келеді.  Болашақта Қазақстанның барлық қалалары дәл осы елордамыздай өркендеп, үлкен бір мегополиске айналады деп үміттенемін. Ал, Астана одан ары салына берсін. Бұл үшін елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар жетерлік», - деп А. Әлиев өз ойын толықтырды.

Сонымен қатар, Арман Әлиев Қазақстанды өзге мемлекеттермен салыстырып, еліміздің экономикасының алға кетіп қалғанын тілге тиек етті.

«Егер, Қазақстанды өзге мемлекеттермен салыстыратын болсақ, онда отанымыздың оларға қарағанда алға кетіп қалғанын байқаймыз. Мен Өзбекстанда жиі-жиі боламын және өзге мемлекеттерге де көп барамын. Оларға қарағанда еліміз көш ілгері. Оның үстіне, күн сайын гүлденіп дамуда», - деп ол түйіндеді.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар