- Басты
- Жаңалықтар
- Мен үшін Астананың орны бөлек - елорда құрдасы
Мен үшін Астананың орны бөлек - елорда құрдасы
«Мен Астананың тумасымын. Бұл шаһардың менің жүрегімде алған орны бөлек. Бүгінде Астананың сол жағалауында қала қарыштап дамып келеді. Жалпы, қазіргі таңда Астана тек Қазақстанның елордасы ғана емес, күллі әлемнің астанасы десек болады. Себебі, мұнда ЕҚЫҰ саммиті, қысқы Азиада 2011 және басқада ауқымды да, салмақты шараларды өткізілді», - деді А. Тасқымбаев.
Бұдан басқа, Әділ өзінің мектебі туралы да айтуды ұмытқан жоқ.
«Мен бұл мектепте құрылғалы бері білім алып келемін. Алғаш ашылғанында НЗМ тек Астана қаласында ғана болды. Ал, қазір ол еліміздің барлық аймақтарында бар. Бұл мектеп бірегей білім ошағы болып табылады. Мұнда еліміздің талантты балалары өздерін одан әрі дамытып, үлкен мүмкіндікке қол жеткізе алады», - деді оқушы.
Сонымен қатар, елорда құрдасы Қазақстан азаматтарын шын жүректен Астана күнімен құттықтады.
«Мен шын жүректен барлық астаналықтарды мерейлі мерекесімен құттықтаймын. Мен барлығына армандары орындалатын мекенді тілеймін. Бастысы мен дәл қазір НЗМ білім алудамын және өз болашағымды жарқын елестетемін. Астана - ол арман қала, егер адамның бір арманы болса ол міндетті түрде осы Астанада орындалады», - деп ол ағынан жарылды.
Индира Кауметова
Фото - Азамат Алиев
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды