Атақты суретші суретшілер үйінің шәкірттеріне шеберлік сабағын үйретті

14 Наурыз, 2013 00:00
Атақты суретші Қазақбай Әжібекұлы суретшілер үйініңшәкірттеріне «Натюрморт» тақырыбында мастер-класс өткізді.

«Мен солармен бірге сурет салып, олардың қалай сурет салатынын байқағым келді.Балалармен жұмыс істеген өте қызық. Өзімнің осы шығармашылық жолымнан өзгелерге әлдене үйрете алатыным мені қуантады. Ең бастысы әдістемемен дұрыс сурет салу. Қандайда бір нәрсені дұрыс жасай алу үшін, ең алдымен, сол өнер саласын жақсы меңгеру керек. Кеңістікті дұрыс бағамдап, өзіңізді икемдей білуіңіз керек. Осының бәрі оқу арқылы болады. Оқуды бітіргеннен кейін шәкірт өзінің қалаған бағыты мен еңбектене алады»,- дейді қылқалам шебері.

Қазақбай Әжібекұлы – монументалист, Қазақстансуретшілер Одағының мүшесі, түрлі сыйлықтардың лауреаты, халықаралық бәйгелердің жеңімпазы, Президенттік және Мемлекеттік стипендия иегері.

 

 

Барлық жаңалықтар