- Басты
- Жаңалықтар
- Пак Кын Хе: Қазақстан - Корея инвестициясының Орталық Азиядағы ірі нарығы
Пак Кын Хе: Қазақстан - Корея инвестициясының Орталық Азиядағы ірі нарығы
Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасы Президентінің сапары түрлі бағыттар бойынша жақсы дамып келе жатқан екіжақты іс-қимылдар қарқынын күшейтетіндігіне сенім білдірді.
«Оңтүстіккореялық серіктестермен шикізаттық емес саладағы ынтымақтастық жүйелі түрде кеңейіп келеді. Қазірдің өзінде 300-ден аса бірлескен кәсіпорын құрылды, соның ішінде жеңіл автомобильдер мен жүк және жолаушы тасымалы көліктерін құрастыру кәсіпорындары бар. Балқаш ЖЭС-ның, Атырау облысындағы газ-химия кешені құрылысы, «Жамбыл» кенішін игеру секілді ірі жобалар табысты ілгерілеуде. Сондай-ақ келіссөздер барысында біз Пак ханыммен бірге корейлік бизнестің Қазақстанның үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысуы жайын талқыладық. Тараптар «технологияларды ресурсқа алмастыру» формуласы бойынша ынтымақтасуға мүдделі екендігін қуаттады», – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы бизнеске жақсы мүмкіндіктер ұсынатын «Инвестициялар туралы» жаңа заңға қол қойылғанына назар аударды.
«Компаниялар корпоративтік және табыс салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылады. Олардың күрделі шығындарының 30 пайызы өтеледі. Жұмыс күшін тарту квотасыз және рұқсаттамаларсыз жүзеге асады, сондай-ақ біздің елдеріміз арасында визасыз режім орнатылды. Осының бәрі екі мемлекет үшін де ыңғайлы және тиімді бизнестік ахуал қалыпастырады», – деді Қазақстан Президенті.
« Былтыр елдеріміз арасындағы тауар айналымы бүкіл тарихымыздағы рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстан Корея инвестициясының Орталық Азиядағы ірі нарығы болып саналады. Біз бірлескен үш үлкен жобаның – Балқаш ЖЭС құрылысының, Атырау облысындағы газ-химия кешенінің, «Жамбыл» кенішінің игерілуінің жүзеге асырылуына қатысудамыз. Сонымен қатар біз Теңіз кен орнында өндіріс аясының кеңейтілуі тәрізді жаңа жобаны ілгерілетудің көзделіп отырғанын да қолдаймыз», – деді Корея Республикасының Президенті.
Пак Кын Хе ынтымақтастықтың жаңа форматын әзірлеу жөнінде келісімге қол жеткізілгенін, оның аясында синергиялық нәтижені пайдалану үшін ресурстар мен технологиялар біріктірілетінін хабарлады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері