- Басты
- Жаңалықтар
- Астана – посткеңестік кеңістіктегі ірі жобалардың бірі – С.Сейдуманов (ВИДЕО)
Астана – посткеңестік кеңістіктегі ірі жобалардың бірі – С.Сейдуманов (ВИДЕО)
«Астана – еліміздің ордасы. Астана – мемлекеттің әкімшілік орталығы. Астана – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жобасы. Астана – жалпы посткеңестік кеңістіктегі ірі жобалардың бірі. Өйткені кішкене ғана қаланың ТМД аумағындағы ірі шаһарға айналғанын бүгінде көзіміз көріп отыр», - дейді мәжілісмен.
Сонымен қатар, С.Сейдуманов Астанада өткен халықаралық айтулы шараларға да тоқтала кетті. Оның айтуынша, елордамыз жаһандық дипломатияның орталығына айналып отыр.
«Мұнда Қазақстан мен посткеңестік кеңістіктің айтулы шаралары ұйымдастырылады. ЕЫҚҰ, ШЫҰ саммиттері мен Астана экономикалық форумы, АӨСШК шаралары мен өзге де айтулы оқиғалар Астана атын асқақта түспек. Біз бүгінгі елордамыздың бейнесін мақтан тұтамыз», - дейді.
Депутат Астана тұрғындары мен барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.
«Барша астаналықтар мен қала қонақтарына шаһардың күн санап көркейіп, еліміздің гүлденуіне үлес қоса беруін тілеймін. Бұл шаһар бүгінде миллиондардың жүрегін жаулап, өзіне тәнті етті. Елордамыз қазақстандықтар мен өзге де қонақтарға өзінің жайлылығы мен қонақжайлылығынан айнымақ емес», - дейді төменгі палата депутаты.
Индира Кауметова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі