• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заң жобасын Мәжіліске жіберді

Сенат мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заң жобасын Мәжіліске жіберді

19 Маусым, 2014 12:12
Қазақстан Парламентінің Сенаты пленарлы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын Мәжіліске жіберді.

«Осы заңнама ҚР-ның жаңа бюджеттік саясаты тұжырымдамасы, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын, сондай-ақ мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын одан әрі іске асыру мақсатында әзірленді. Бюджеттің атқарылуының икемділігін арттыру мақсатында Үкіметтің шешімі бойынша: 5%-дан аспайтын көлемде республикалық бюджет коммисиясына қарамай, 5%-дан 10%-ға  дейінгі көлемде республикалық бюджет комиссиясында қарау арқылы бюджетті түзету жолымен бір орталық мемлекеттік органның бюджеттік даму бағдарламалары арасында қаражатты қайта бөлу мүмкіндігі көзделеді», - деді Е. Досаев.

Сонымен қатар, әкімдер нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде 10%-дан аспайтын көлемде, бірақ жоғары тұрған әкімшілермен келісу арқылы қаражатты жергілікіт бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы болады.

Жалпы, заң жобасында 14 заңнамалық актілерге, оның ішінде 5 кодекске өзгертулер мен қосымша енгізу көзделген.

Камила Амирова      

Барлық жаңалықтар