Қарағанды облысы өңірді дамыту бойынша белсенді жұмыс атқаруда

19 Маусым, 2014 12:37
Ауылдағы білім саласын дамыту, мәдениет, тұрғын үй және сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, жол құрылысы мәселелері Бауыржан Әбдішевтің Жаңаарқа ауданына жұмыс сапары барысында басты назарында болды.

Айта кететін жайт, аймақта осы бағытта қарқынды жұмыстар арқарылып жатыр. Оған дәлел – 1679 тұрғыны бар Қызылжар ауылы, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті орта мектепте сапалы білім беру қызметі көрсетілген. Бұл мектепте 264 оқушы білім алады. Дайындық курсында 39 бала оқыса, 25-і кіші-орталықта тәрбиеленуде. 105 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектептің 19 кабинеті бар. Былтырғы жылы республика бюджетінен қаржы бөлініп, химия кабинеті ашылса, аудан бюджетінен биология кабинетіне іске асты. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарына 21,4 млн.теңге бөлінсе, сонымен қатар облыс әкімі мен «ENRC Kazakhstan» корпорациясы арасында меморандум арқылы 8 млн. теңге тұратын автономды жылу беру котелі ауыстырылды. 

Дәл осы ауылда жалпы аумағы 400 квадрат метр болатын 5-пәтерлі тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ауданның бюджетіне ауылішілік жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы құны 10 млн. теңгені құрайды. Жұмыстар маусымның соңына дейін аяқталады.
Ақтау ауылының тұрғындарын су құбырымен қамтамасыз етеді. Қазір ол жерде 8,7 шақырымға созылған су құбыры тартылмақ. Оның құны 163, 3 млн. теңге (республика және облыс бюджетінен). Ауызсу 358 куб метрлі екі құбырдан тартылатын болады. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айынан басталып, тапсыру мерзімі – қыркүйекте аяқталмақ. 

Барлық жаңалықтар