- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның отыздыққа ену мақсаты инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады – EY компаниясы
Қазақстанның отыздыққа ену мақсаты инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады – EY компаниясы
Сауалнама 2014 жылдың басында әлемнің 28 елінің 200-ден астам шетелдік инвесторлары арасында жүргізілді, деп хабарлайды халықаралық компанияның баспасөз қызметі.
Зерттеу нәтижесінен байқағанымыз, Қазақстанның имиджі өткен уақыттардағы осы сынды сауалнама нәтижесіне қарағанда айтарлықтай өскен. Республиканың ұсынатын мүмкіндіктері туралы инвесторлардың ақпараттану деңгейі Қазақстанда жұмыс істеп жатқан инвестор мен шетелдік әлеуеті инвестор арасында да қатар өткен.
Қазақстанның 2050 жылға қарай үздік 30-дыққа ену ниеті инвесторлар үшін экономиканың алуан саласында түрлі мүмкіндіктерді ұсынады. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны жедел өсіп келе жатқан 25 нарық тобының арасында жоғары бағаланады.
Респонденттердің басым бөлігі Қазақстанда іс жүргізуде үлкен мүмкіндіктерді көріп отыр. Олардың 47 пайызы алдағы 3 жылда елдің инвестициялық климаты айтарлықтай жақсарады деген сенімде.
Инвесторлардың ең көп назарына іліккен факторлардың бірі макроэкономикадық, әлеуметтік және саяси тұрақтылық.
«Инвесторлардың ақпараттану деңгейі өсіп келе жатыр. Бұл Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың арқасында болуы тиіс. Халықаралық интеграция, экономиканың әртараптандырылуы мен инвестиция ағымы шетелдік тікелей инвестиция үшін ТМД елдері арасында Қазақстанның алдыңғы қатарлы нарыққа айналуына жол ашуда. Осынау жетістікті сақтап қала алу үшін инвесторлардың Үкімет тарапынан ұсынылып жатқан мүмкіндіктері туралы ақпараттануы деңгейін арттыру қажет», - дейді Қазақстан мен Орта Азиядағы EY компаниясы ынтымақтастығы басшысы Ерлан Досымбеков.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді