Астана Қазақстан экономикасын дамытуда жетекші орынға ие

19 Маусым, 2014 09:59
Астана Қазақстан экономикасын дамытуда жетекші орынға ие. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Астананың артықшылығын қанша айтсақ та артықтық етпейді. Елордамыз бүгінде мемлекет экономикасының жетекшісіне айналып отыр. Құрылыс жұмыстары мен инфрақұрылымның дамуын былай қойғанда шаһардың сән-салтанатының өзі тұрғындардың көңілінен шығуда», - дейді депутат.

Депутат өзін Астананың жергілікті тұрғыны болмаса да Қазақстанның елордасында халыққа барынша жайлы жағдай жасалғанын айтады.  

«Мен негізі өзім Алматының тумасымын. Алайда осыған қарамастан менің Астанаға бүйрегім бұрып тұрады. Бұл қала барлығымызға қолайлы орта қалыптастыра білді», - дейді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, қазіргі таңда Астана Қазақстанның өзге қалаларына үлгі болып отыр.

«Астана Қазақстан қалаларының көшбасшысы іспетті. Облыс орталықтарын аралап жүріп мен шаһарлардың Астанаға еліктеп салынып жатқанын, елордадан үлгі алып жатқанын байқаймын», - деп түйіндеді сөзін депутат. 

Барлық жаңалықтар