- Басты
- Жаңалықтар
- Мен Астанамен бірге жетілдім - елорда құрдасы
Мен Астанамен бірге жетілдім - елорда құрдасы
«Мен Астанаға 1 сыныпқа барғанымда келдім. Осы шаһармен бірге ер жеттім. Қала менің көз алдымда өзіммен таласып гүлденіп көркейе берді. Оның дамуына, көркеюуіне өзімше үлесте қостым десем болады. Мен қаланың тазалығына атсалысып келемін. Сенбіліктерге қатысамын және жүрген жерімде күл-қоқыс тастамаймын», - деді сөз басында Мария Нухова.
Сонымен қатар, болашақ жас түлек Астананың қандай жерлерін аралап көргісі келетіні туралы бөлісті.
«Менің, Астанада тұратыныма көп болды. Алайда менде басқа тұрғындар сияқты қонақтарға қарағанда қаланың назар аударарлық орындары туралы аз білемін. Мен көбіне достарыммен бірге адамдары аз, тыныш көшелермен серуендегенді жақсы көремін. Бірақ маған «Солтүстік шұғыла» ТК ұнайды. Болашақта осында тұрсам деп армандаймын. Ғимараттың орналасқан жері әсем, ал архитектуралық тұрғыда пішіні көркем», - деп М. Нухова өз ойын толықтырды.
Жалпы, оның пайымынша Астана - ол арман қала және шаһардың болашағы зор. Марияның айтуынша, ол алдағы уақытта биолог немесе эколог маманы болғысы келеді. Сонымен қатар, бойжеткен қалада ұйымдастырылатын көптеген спорттық және басқада шараларда фототілші ретінде қатысып жүреді екен.
«Астананың алға қойған мақсаты бар талантты да талапты жастары көп және ол мақтанарлық жайт. Оның үстіне бұлай болмауыда мүмкін емес», - деп елорда құрдасы өз ойын түйді.
Мадина Нұрбекова
Суретті түсірген Азамат Алиев
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері