- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы әкімі білім гранттарын табыстады
Алматы әкімі білім гранттарын табыстады
Жалпы биыл орта білімі туралы аттестатты Алматы мектептерінің 7 166 түлегі алып отыр.
Мегаполис басшысы салтанатты шараға жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен және алматылық оқушылар мен олардың ұстаздарын республикалық, халықаралық олимпиадаларда жеткен ерен жетістіктерімен құттықтады, деп қала әкімдігінде хабарлады.
«Болып өткен ҰБТ-дің қорытындысы бойынша біздің қаламыз тағы да өзінің республиканың білім орталығы екендігін паш етті, сөйтіп еліміздің барлық өңірлер бойынша жүлделі 1-ші орынды иеленді. Қала бойынша орташа балл 93,4 құрады. Үстіміздегі жылы 99 түлек мектепті үздік аяқтады. Тестілеудің қорытындысы бойынша оқушылардың 76% «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеді. 35 мектептің 1831 оқушысы, бұл тестке қатысқандардың 40 пайызы 100 баллдан асыра ұпай жинады.Түлектердің мұндай жетістіктерге жетуі мұғалімдердің кәсіби біліктілі мен энтузиазмі арқасында болғанын жақсы түсінуге тиіспіз», - деді Ахметжан Есімов.
Бұдан өзге, Алматы әкімі білімді дамыту мегаполистегі негізгі бағыттардың бірі екендігін жеткізді. Соның арқасында саланы қаржыландыру соңғы жылдары екі есеге өсті.
«Егер 2008 жылы 22,2 млрд. теңге бөлінсе, биыл бөлінгені – 46,9 млрд. теңге. Осы кезең ішінде 14 жаңа мектеп, 4 мектеп қосымшасы салынды. Олардың барлығы замануи жабдықталған. Қазіргі кезде «Жас қанат» ықшам ауданында сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп құрылысы, тағы да бұрыннан бар мектептер жанынан 5 қосымша құрылыстар жүріп жатыр», - деді Ахметжан Есімов.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда