- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіз Қазақстан: Жаңа сот жүйесі
Тәуелсіз Қазақстан: Жаңа сот жүйесі
«Мемлекет басшысы Судьялардың кезекті VI съезіне 2013 жылы 20 қарашада қатысып, өзінің көкейге түйген ойларын және сот төрелігін одан әрі жетілдіру туралы келелі ұсыныстарын білдірді. «Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. Егер де біз реформа жасағанда экономикада, саясатта сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Біздің азаматтар сот жүйесінде барлық мәселелерді шешуі керек, өзінің құқығын қорғай алуы керек. Мемлекеттің де, менің де сот жүйесіне көп көңіл бөліп отырғаным сондықтан», деп айтқан сөзі соттарға тың күш берді», - делінген мақалада.
«Біз, Судьялар қауымдастығы, Елбасының әр жылдардағы съезд қорытындысында берген тапсырмаларына сәйкес, жалпы сот жүйесін дамытуға белсене атсалысып келеміз
Қазақстанның қарқынды дамуы біздің алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Еліміздің әлемдегі ең дамыған елдер қатарына кіру бағдарламасы, белсенді интеграциялық процестер сот өндірісінің уақыттың сын-қатерлеріне теңбе-тең болуын талап етуде. Бұл ретте азаматтық сот ісін жүргізудің жаңа моделін қалыптастыру тараптар мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін прагматикалық тәсілдерге негізделген.
Біз Қазақстан қоғамына етене жақын сот төрелігін қалыптастыру тұжырымдамасына сүйенеміз. Даулардың бейбіт жолмен реттелуіне көмектесу судьялар қызметінің бір саласы деу керек. Әлем елдерінде дауларды баламалы түрде шешу рәсімдерінің белсенді қолданылғаны бізге де үлгі, әрі оның тиімді тұстарын алғанымыз жөн.
Елімізде бизнестің өзін өзі ұйымдастыруын ынталандыру жөніндегі шаралардың дер кезінде қабылдануы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы аралық соттарды, мүліктік дауларды сотқа дейін реттеу институтын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Осы орайда, тұтынушылардың құқықтарын, зияткерлік меншікті, еңбек және құқықтық даулардың басқа да санаттарын қорғау туралы дауларды шешу саласында баламалы перспективалар бар екенін көпшілік біле жүрсе деп ойлаймын», - деді Қ. Мәми.
Оның айтуынша, «Еліміздегі барлық соттарда электронды сот ісін жүргізу жүйесі енгізілген. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың ғаламтор ресурсын жаңарту, жергілікті соттардың Интернет-ресурстарын жетілдіру жұмыстары тиянақты жүргізіліп келеді. Сот өндірісіне қатысушылардың істің қозғалысы туралы жедел ақпарат алуына, шығарылған сот актілерімен танысуына барлық мүмкіндіктер жасалған».
Қазіргі таңда Жоғарғы Сотта өтетін сот процестерінде бейне-байланыс кеңінен қолданылуда. Облыстық соттардың қатысуымен жалпы отырыстар, кеңестер және судьяларды қашықтықтан оқыту жүйесі өз ретімен жүргізіліп келеді.
Сот жүйесінің қызмет ету сапасы ең алдымен білікті де тәжірибелі судьялар корпусын кадрлық қамтамасыз етуге тікелей байланысты болмақ. Жалпы, құқық мамандары арасында «Судья – заңгерлердің ең таңдаулысы» деген тәмсіл сөз бар. Бұл сөз олардың жанкешті еңбегіне, кәсіби біліктілігіне, шеберлік деңгейлеріне берілген баға болар. Аудандық соттардың судьялары еліміздегі сот істерінің тоқсан сегіз пайызын атқарады. Яғни, бұл – бейнеті көп қиын істерді қарауда, сондай-ақ салмағы басым жүктемелерге мойымай қызмет көрсетудің ең төзімді үлгісі.
«Судьялардың әлеуметтік мәртебесіне сай, еш алаңсыз қызмет етуіне қолайлы жағдай жасау, лайықты баспанамен қамтамасыз ету әр жылдары өз шешімін тыңғылықты түрде табуда. Мемлекет басшысы судьялардың әл-ауқатын үнемі жақсартып отыруды өзінің назарынан ешқашан тыс қалдырған емес. Сол үшін де судьялар қауымының ел Президентіне деген құрметі мен алғысы шексіз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Судьялардың VI съезіндегі сөзінде: «Судьялардың V съезінен бері өткен төрт жылда Қазақстанның сот жүйесі «Соттардың тәуелсіздігі» өлшемі жөнінен Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингісіндегі өз көрсеткішін бірден 23 орынға күрт жақсартты», деп атап өткен еді. Заңдардың сақталуы, азаматтық сот төрелігі, қылмыстық сот төрелігі және басқа да көрсеткіштер бойынша да Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерден алда келеді. Мәселен, мұны World Justice Project халықаралық үкіметтік емес ұйымы ұсынған 2014 жылғы Заңның үстемдік құру индексінен көруге болады. Бұл рейтингіде Қазақстан 71-ші орынды иеленген», - делінген хабарламада.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары