- Басты
- Жаңалықтар
- ЕО мен Қазақстан энергетикалық ынтымақтастық шарасын өткізді
ЕО мен Қазақстан энергетикалық ынтымақтастық шарасын өткізді

Аталмыш шара ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушездің төрағалығымен өтті. Кездесу Қазақстан мен ЕО арасындағы энергетикалық ынтымақтастығына 18 жыл толуына арналды.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік энергетикалық және инвестициялық қауымдастығы үшін белгілі және сенімді әріптеске айналды, деп атап өтті өз сөзінде ҚР Мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев.
Осы жылдары мұнай мен газ конденсатын өндірудің көрсеткіштері уш есе өсіп, 1991 жылы 25 млн. тонна мұнай өндірілсе, 2013 жылы 82 млн. тоннаға жетті. Энергетикалық сектордың Қазақстандағы экономикалық дамудың басты көзіне айналуында еуропалық компаниялардың рөлі ерекше, деп мұнай және газ министрлігінде хабарлады.
Бүгінде еуропалық компаниялардың технологиялық және басқарушылық инновацияларына қатысты тәжірибелеріне еліміздің қызығушылығы бар. Атап айтқанда, сұйытылған газ секторын дамыту, ішкі нарықтағы тауарлық газға бағаны қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара іс-әрекет ережелерін және рөлдерін одан әрі жүйелендіру.
«Қазірде энергетикалық секторындағы екі жаққа тиімді ынтымақтастықтың әлеуеті өте зор. Бұның болашақта дамуға мүмкіндіктері көп. Жеті жыл бойы INOGATE Бағдарламасымен жұмыс істеп кележатырмыз. Менің ойымша, болашақта да INOGATE Қазақстан мен ЕО арасындағы энергетикалық ынтымақтастығының дамуына зор үлесін қосады», - деп нәтижеледі М. Мырзағалиев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды

