- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды
Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды
Шараның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге тілдік білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, деп академияда хабарлады.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазы, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мен орталық мемлекеттік басқару органдарының тілге жауапты қызметкерлері қатысты.
Ғылыми кеңесте мемлекеттік қызметтегі тілдік біліктілікке қатысты мынадай мәселелер талқыланды: мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыратын Тіл орталықтарының әдіснамасы, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тілдік білімді бағалау мәселелері.
Сонымен қатар, Академияның мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша жинақтаған тәжірибесі, оқыту технологиялары, мониторингтік нәтижелері баяндалды.
Ол үшін Академия тарапынан мемлекеттік қызметшілерге тілдік білім беретін барлық орталықтардың бірізді типтік бағдарлама мен әдістемелер арқылы ресми стильде тілді оқытуы, Орталық оқытушыларының әдістемелік біліктіліктерін Академияда арттыру, тіл орталықтарының оқыту сапасын арттыру жұмысына Академия оқытушыларын тарту,Казтестпен ғана шектелмей ресмитест әзірлеу қажеттілігі баса айтылды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді