- Басты
- Жаңалықтар
- Польша кәсіпкерлері ЕАЭО-ны талқылады
Польша кәсіпкерлері ЕАЭО-ны талқылады
«Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одақ» тақырыбымен Поляк баспасөз агенттігінде өткен іс-шараға ҚР Елшісі Ерік Өтембаев, «Серіктестік платформасы» Ынтымақтастық пен даму бойынша Польша-Қазақстан кеңесінің төрағасы, бұрынғы премьер-министр Казимеж Марцинкевич (Kazimierz Marcinkiewicz) пен Польша кластерлер одағының президенті Кшиштоф Крестовский (Krzysztof Krestowski) қатысты, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
«Қазақстанға инвестиция жасайтын поляк фирмалары бір мезгілде 170 миллион халқы бар Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығуға бірегей мүмкіндікке ие болады. Оған қоса Елбасы жақында Қазақстанда жаңа өнідірістер ашып, жұмыс орындарын беретін инвесторларға қосымша жеңілдіктер жасайтын жаңа мемлекеттік бағдарламаны бекіткен болатын», - деді Елші Е.Өтембаев.
«Еуразиялық кеңістікте экономикалық интеграцияны дамыту туралы шешімді өте қисынды деп санаймын, оның артықшылықтарын әлемдік тәжірибе айқын дәлелдейді», - деді өз кезегінде экс-премьер К.Марцинкевич.
Конференцияға қатысқан поляк БАҚ-тары Еуразиялық экономикалық одақтың еуропалық компанияларға ықпалы, инвестиция құю үшін келешегі мол өндіріс салалары, Орталық Азиядан Еуропаға жетелейтін бағыттардағы көлік және логистика мәселелерін шешу, т.б. мәселелер қызықтырды.
Жалпы, баспасөз мәслихаты Польшаның БАҚ-тары мен іскерлік топтары арасында Еуразиялық одақтың таза экономикалық сипатқа ие жоба болып табылатынын айқындап, бизнес үшін, соның ішінде поляк компаниялары үшін артықшылықтарын көрсетуге мүмкіндік берді.
-
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
Тағы да локдаун енгізілсе, Қазақстан кәсіпкерлерінің көбі банкротқа ұшырайды – А. Мырзахметов -
Аида Балаева дәрігерлермен міндетті екпе жасау мәселесін талқылады -
Сенаторлар мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады -
Ауыл кәсіпкерлерін несиемен қолдау қалай жүзеге асырылуда -
ҚР АШМ құс шаруашылығы өкілдерімен саладағы өзекті мәселелерді талқылады -
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады -
Елордада мыңға жуық бухгалтер саланың жаңашылдықтарын талқылады -
Елордалық Достық үйінде Абайдың шығармашылығын талқылады -
Н.Нығматулин Семей дәрігерлерімен «Денсаулық туралы» кодексті талқылады -
Сенаторлар елордадағы проблемалық мәселелерді талқылады -
Сенат жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелерін талқылады -
Қазақстанның үздік кәсіпорындары мен кәсіпкерлері марапатталды -
Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады