- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның оңтүстік аймағындағы түлектерге гранттар бөлінді
Қазақстанның оңтүстік аймағындағы түлектерге гранттар бөлінді
Аталмыш жоба еліміздің оңтүстік өңіріндегі жастарға Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік аймақтарында білім алуына мүмкіндік береді, деп Қызылорда облысының әкімдігінен хабарлады.
«Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында демографиялық көрсеткіш жоғары, сондықтан бос жұмыс орындарыда жетіспейді. Ал, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында жағдай керісінше мүлдем басқа. Бұл аймақтарда зауыт, фабрикалар көптеп салынуда. Есесіне маман тапшы. Ал, мына жоба болса осы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған», - деді Мұрат Әбенов.
Осы мақсатта 7 жоғарғы оқу орындары мен 23 колледжге 1000 грант бөлінді.
Аталмыш жобаны жүзеге асыру жолында құрылған Үйлестіру кеңесінің отырысында оқу орындарына грант беру механизмі түсіндірілді.
ҰБТ-дан аз балл жинаған және тегін білім алғысы келетіндер 22 шілдеге дейін Қызылорда қаласына келіп құжаттарын өткізуі керек. Бұл мүмкіндік мектепті бітіргеніне көп болған, алайда ешбір жерге оқуға құжат тапсырмағандарға да беріліп отыр. Өзге қалада оқуға грант жеңіп алғандардың жолақысы толығымен өтелетін болады.
«Бұдан басқа олар жатаханамен және тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Оқу орнын тәмәмдаған студенттер туған жеріне немесе сол жерде қалып жұмыс істей алады», - деді Өрлеу» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді