- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰКП мен «Самұрық-Қазына» әріптестік туралы келісім шарт жасасты
ҚР ҰКП мен «Самұрық-Қазына» әріптестік туралы келісім шарт жасасты
«Осы келісімнің арқасында «Самұрық-Қазына» Қорының сатып алулар жүйесі отандық компаниялар-өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге қолжетімдірек болады. Меніңше бизнесті қаржыландыру айқындық, ашықтық пен саналылық қағидалары бойынша жүргізілуі керек. Комиссия құрамына кірген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, соның ішінде әр өңірде тендер шараларын өткізу ісіне бизнес қауымдастық тарапынан бақылауды күшейтеді»,- деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қазақстанның ЕЭО пен ДСҰ мүше болуы аясында барлық мемлекеттік сатып алулар жүйесі, соның ішінде ұлттық компаниялардың сатып алу жүйелері айтарлықтай жаңартылып, бірізді қалыпқа келтірілуі керек екенін ерекше атады, деп қордың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ жүктеген маңызды тапсырмаларының бірі жергілікті үлесті арттыру арқылы отандық өндірушілерге қолдау көрсету болып табылады. Осы орайда Қор сатып алуларында қазақстандық өндірушілерді қолдаудың бірқатар табысты механизмдерін қарастырған. 2010 жылы тауар, жұмыс пен қызмет түрлеріндегі қазақстандық үлес 50 пайызды құраса, осы нақты шаралардың арқасында 2013 жылы ол 70 пайызға дейін жоғарылады. Бұл арада тек тауарлардың өзінде аталған мерзім ішіндегі жергілікті үлестің өсімі 24 пайызды көрсетті»,-деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
Сондай-ақ, осы меморандумда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері бірлескен жұмыс тобының құрамына енуі, Қордың сатып алулары жөніндегі нормативтік актілерді әзірлеу мен жетілдіруге, түскен шағымдарды қарау барысына қатысатыны қарастырылған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері