- Басты
- Жаңалықтар
- И. Тасмағамбетов: «Алтын белгі» иегерлерінің жеке жетістіктері елорда мен Қазақстанның дамуының негізі болмақ
И. Тасмағамбетов: «Алтын белгі» иегерлерінің жеке жетістіктері елорда мен Қазақстанның дамуының негізі болмақ
«Мен, «Алтын белгі» иегерлерінің жеке жетістіктері елордамыз Астана мен Қазақстанның дамуының негізі болатынына сенімдімін. Ұлы Абай «Баланы оқытуға әркім құштар, десе де ол бір арман қолдан ұшқан» деп тебіренген екен. Расында да, бүгінгідей сауатты ұрпақ тәрбиелеу кешегі ата-бабаның сан ғасырлық аңсары еді. Енді міне біздің ұрпақ үшін бұл – тағдырдың берген бағасыз мүмкіндігі, тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебелі міндеті. Сондықтан, бүгінгі заман «баланы қайда оқытамын деген арманнан» емес, «қайда оқытамын деген таңдаудан» тұрады. Осы күні бұл таңдау еліміздің бас қаласында Елбасының өсиетімен білім алып, тәлім жиған, тәрбие көріп арман қуған ұл-қыздарымыздың алдында тұр», - деді сөз басында И.Тасмағамбетов.
Сонымен қатар, Астана әкімі аталмыш саладағы соңғы статистикалық мәліметтерді де тілге тиек етті.
«Атап айту керек, осыдан 16 жыл бұрын Астанада бұл төсбелгіні тек 1 ғана оқушы иеленсе, биыл 91 бала «Алтын белгі» тағып, ақжолтай үмітті ақтап шықты. Ал жалпы, күні кеше өткен ҰБТ-ны қаламыздың ұзын саны 3252 оқушысы тапсырып, 1081 бала 100-ден жоғары бал жинады. Мұның өзі – үлкен көрсеткіш, зор мақтаныш», - деп ол өз ойын толықтырды.
Елорда басшысы түлектерге әлемнің озық көшінен қалмай, уақыттың талабынан талмай, талай табыстың биігінен көрінетіндеріне кәміл сенім білдірді.
«Өйткені, сіздердің бойларыңызда Астананың асқақ рухы мен жүректеріңізде Елбасының жаққан жалыны бар. Осыны естен шығармаңыздар. Олай болса, осынау қуанышты күні баршаңызға тек сәттілік тілеймін. Өмір жолдарыңыз жарық болғай!», - деп И.Тасмағамбетов түйіндеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары