• Басты
  • А.Жұмажанов: "Ұлы хан" атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын дайындаудамын
26 Желтоқсан, 2019 12:30

А.Жұмажанов: "Ұлы хан" атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын дайындаудамын

Еліміздің бас қаласында "100 жаңа есім"  жобасы үшінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Жобаға қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2000-ға жуық азамат өтініш беріп, оның 32 қатысушысы жеңімпаз атанды. Айта кетерлігі, жеңімпаздардың басым көпшілігі - жастар. Осыған орай, өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген мақсатта өз күшімен жетістікке жетіп, белгілі бір деңгейдегі биікті бағындарған жоба жеңімпаздарымен сұхбаттасуды жөн көрдік.

А.Жұмажанов: "Ұлы хан" атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын дайындаудамын

Сондай жас өнерпаздың бірі Шымкентте дүниеге келіп, қазіргі таңда Қытайда жұмыс істеп жүрген 26 жастағы Алдияр Жұмажанов. Ол бірқатар шет тілін, атап айтқанда қытай, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Қазіргі таңда Mechanist Games компаниясында еңбек етіп жүр.

"Мен Шымкент қаласынанда дүниеге келдім. Аз қамтылған отбасыда өстім. Бүгінгі күні  Қытайдың Xiamen қаласында тұрып жатырмын және де Mechanist Games компаниясында видеон ойындар жасаумен айналысамыз. Компаниядағы командаммен бірге соңғы екі жылда бірқатар үздік ойын әзірледік. Олардың қатарында бәріне белгілі "Ұлы Сұлтан", "Түс шеберлері" секілді ойындар бар. Инвесторымыз қытайлық "Tencent" компанясы", - деді ол.  

Оның айтуынша, қазіргі таңда қазақтың тарихын әлемге танытатын "Ұлы хан" деген әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын дайындап жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

"Қазіргі уақытта ежелгі қазақ елі туралы "Ұлы хан" атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын дайындап жатырмын. Бұл ойын біздің мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, өмір салтымызды, тарихымызды әлемге танытады. Болашақта мен венчурлық инвестиция тартып, Қазақтандағы IT нарықты дамытуға үлес қосқым келеді. Бізде елге қызмет еткісі келетін дарынды жастар өте көп. Сонымен қатар IT мектеп ашу жоспарымда бар, себебі біздің жастар білікті де білімді бағдарламаушы мамандармен тең болуы керек. Тек жергілікті деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейдегі мамандармен иық тірестіре алатындай болуы тиіс", - деді Алдияр Жұмажанов.

Аталған жобаның тағы бір сондай жеңімпазы - жеке кәсіпкер Рүстем Ермекбай. Өзбекстанда дүниеге келген ол, кейін Қазақстанға көшіп, бала күнгі арманын іске асыру үшін өз кәсібін ашқан. Бизнесті бастаған сәтте қалтамда небәрі 35 мың теңгедей қаражат болды деп еске алады ол.

"Мен қазақстандық "Sabyrzhanairyn" қиім брендін шығарумен айналысамын. Жеке кәсіпкермін. Алғаш осы компанияны ашқан кезде қалтамда небәрі 35 мың теңге болды. Бүгінгі күні үлкен холдингке айналып отыр. Қазіргі таңда 250 мыңнан астам түрлі киім тіктік. Сондай-ақ Қазақстанның 20 қаласында 1200-ден астам серіктесіміз бар Топтамамыз қазақи нақыштағы киімдерден тұрады. Жалпы өзім Өзбектсанда туып өскенмін, 2006 жылы Қазақстанға көшіп келдік", - деді ол.

Сондай-ақ жас кәсіпкердің айтуынша, мұндай кәсіп ашуға әжесінің іскерлігі себеп болған. Сонымен қатар ол бүгінгі күні Қазақстаннан ғана, алыс-жақын шет мемлкеттерден тапсырыс алатынын айтып өтті.

"Бала кезімде әжем көбіне ою ойып, түрлі өрнектер жасап, құрастыратын. Мен оны көріп жүріп, армандай бастадым. Қазір бизнесімізді онлайн форматқа көшірудеміз. Алдағы уақытта жоспарларымыз көп. Тұтынушыларымыз бізге Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы Ресей, Швейцария, Қытай, Ұлыбритания, Түркия секілді елдерден түрлі суреттер жолдайды. Сол суреттерді басшылыққа ала отырып, қалаған киімдерін тігіп береміз. Тұтынушылардың ыңғайына, сұранысына байланысты жұмыс істейміз", - деді.

Сонымен бірге сөз соңында "100 жаңа есім" жобасының ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды