• Басты
  • "100 жаңа есім" жеңімпазы: Әлемде аналогы жоқ инновациялық мата өндіремін
25 Желтоқсан, 2019 18:00

"100 жаңа есім" жеңімпазы: Әлемде аналогы жоқ инновациялық мата өндіремін

Елордада "100 жаңа есім"  жобасы үшінші кезеңінің жеңімпаздары анықталған болатын. Жеңімпаздардың бірі, әрі "Дарын" жастар сыйлығының иегері, жас дизайнер Айжан Жүзбаймен сұхбаттасқан едік. Ол өз жобасы мен болашақтағы жоспарлары жөнінде айтып берді.

"100 жаңа есім" жеңімпазы: Әлемде аналогы жоқ инновациялық мата өндіремін

Аталмыш жоба жеңімпазының айтуынша, өзі тоқыма өндірісі және ғылым мамандығы бойынша Қытай елінде 9 жыл білім алған. Жас дизайнер бүгінгі күні алған білімін отандық жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға жұмсап, әлемде жоқ инновациялық мата жасаумен айналысуда.

"Мен тоқыма өндірісі және ғылым мамандығы бойынша магистратурамды тәмәмдап, бүгінде жеңіл өнеркәсіп саласында инновациялық мата өндірумен айналысып жатырмын. Нанотехнология бағыты бойынша жаңа мата ойластырудамын. Бұл матаның әлемде аналогы жоқ. Жоспарымыз бойынша, осы канаплядан жасалған матаны бірінші болып қазақ полициясы кимек. Ол оқтан қорғайды, су тимейді, тисе ұшып кетеді және мыжылмайды. Бірақ денеге қонымды.  Әскери адамдарға арнап төзімді мата ойластырғаы отырмыз.Қазір біздің полиция саласында модернизация жүріп жатыр. Түрлі өзгерістер енгізілуде. "Адам көркі шүберек" дейді халқымыз, полиция формасының дизайынын өзгерту арқылы, оларға деген халықтың көзқарасы өзгерткім келеді", - деді ол.

Оның айтуынша, полицияның киіміне қатысты ешқандай мемлекеттік органмен келісім шартқа отырмаған. Алайда олардың қызығушылығы бар деді ол.

"Әлі мемлекеттік органдармен ресми келісім шартқа отырған жоқпыз. Бәрі әзірге лабораторияда жатыр. Мен бұған дейін екі рет Ішкі істер министрлігінде кездесуде болдым. Бірінші олар менен форманың дизайнын сұрады. Мен осындай жобамен айналысып жатқанымды, бұл менің магистрлік тақырыбым екендігін айтып, түсіндірдім. Оған үлгеріп жатсақ, жасаймыз. Болмай қалса, басқа да компанияларға да тігуге дайынбыз. Мәселен, Эйр Астана әуе компаниясына дайындауымыз мүмкін", - деді жас дизйнер.

Сонымен қатар Айжан Жүзбай шетте алған білімі мен тәжірибесін отандық жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға жұмсап, болашақта Қытай нарығын бағындыруды көздейтінін атап өтті.

"Мен 9 жыл Қытайда оқыдым, мамандығым - киім диззайнері. Магистратураны тоқыма өндіріс және ғылым мамандығы бойынша бітірдім. Осы жыллдары жиған тәжірибемді Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға жұмсағым келеді. Сән саласын дамыту үшін жұмыс істеп жатырмын. Қазақтың дизайн үлгілерін Қытай нарығына шығарып, экпорттық жұмыстармен айналыссам деген ойым бар", - деді Айжан Жүзбай.

Сонымен бірге әңгіме барысында ол биылғы жастар жылының өзі үшін табысты болғандығын айтып өтті. Себебі Жастар жылында "Дарын" жастар сыйлығының иегері атанған. 

"Жастар жылының ашылу салтанатына қатыстым. Биыл осыған дейінгі, яғни былтырлары істеген жұмыстарым еленіп, дизайн және бейнелеу өнері бағыты бойыншша "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын иелендім. Осы айда алдым. Сондай-ақ бүгінгі күні мықты жсатардың ортасынан табылуым маған қанат бітірді. Одан әрі жұмысымды жалғастырып, елімнің көрекеюіне үлес қосуға жігер береді. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі дизайнер болғысы келетін жастарға үлгі болғым келеді", - деді жас дизайнер. 

Сонымен қатар Айжан Жүзбай жетістікке жету үшін жастар өздерін жан-жақты дамытып, өмірдің  ұсынатын барлық қиындығына дайын болып, төзе білгенде ғана жетістікке жетуге болады деп есептейді. Сондай-ақ ол өзі жүрген шығармашылық саланың артықшылығын атап өтті. Оның айтуынша, шығармашылық саладағы маман иелелерін мықты деген компьютер де, робот та алмастыра алмайды.

"Мені "100 есім" жобасына "Бюро 100" азаматтық қозғалысы ұсынды. Бұл жобаға қатысқаным үшін өте қуаныштымын. Жаңа достар таптым, түрлі салада жетістікке жеткен жалынды жастармен таныстым. Өз ісімді одан әрмен дамытып, саламның мықты маманы болуға шабыт алдым. Өзім секілді жастарды көріп, мотвация алдым. Сөйтіп мен де осы салада қызмет еткісі келетін жастарға үлгі болғым келеді. Қазіргі уақытта заманның өзгеруіне байланысты көптеген мамандықтар жойылуда. Мысалы, болашақта сатушы мамандығы қажеттілігі болмай қалуы мүмкін. Орнын роботтар ауыстыруы мүмкін ғой. Ал шығармашылық саладағы маман иелелерін мықты деген компьютер де, робот та алмастыра алмайды", - деді ол.

Бұдан басқа ол өзінің "Инновациялық мата" жобасын жүзеге асырып, патенттеп алу үшін қаржы қажеттігін атап өтті. Болашақта мемлекеттік грант алуға талпынып көретіндігін жеткізді.

"Қазір бұл жобаны Бейжің сән және технология институтында жасап жатырмын.Мен бес мемлекеттің ғалымдарымен жұмыс істеп жатқаннан кейін, әрі қаржы жеткіліксіз болғасын уақытын создық. Жобаны сатып алып, патентін өзіне алғысы келетін жеке инвесторым бар.  Алайда мен патентті Қазақстанның атына алғым келеді. Себебі жоғарыда атап өткенімдей, бұл матаның аналогы жоқ, бұл жеңіл өнеркәсіп саласына жаңалық болар еді. Сол үшін болашақта мемлкеттен грант алуға талпынып көруім мүмкін. ", - деп аяқтады ол сөзін. 

Айта кетейік, үш кезеңнің қорытындысы бойынша, биыл 32 жеңімпаз анықталып отыр. Оның ішінде 25 қатысушы онлайн дауыс беруден ең жоғары дауыс жинаған, ал әділ-қазы алқасы тарапынан 7 қатысушы ұсынылған.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды