• Басты
  • «100 жаңа есім»: 1 қазанда өтініш қабылдау басталады
30 Қыркүйек, 2019 12:38

«100 жаңа есім»: 1 қазанда өтініш қабылдау басталады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Рухани жаңғыру" қазақстандық әлеуметтік даму институты 2019 жылдың 1 қазанынан бастап 100janaesim.ruh.kz сайтында «Қазақстанның 2019 жылғы 100 жаңа есімі: жас қазақстандықтардың табыс тарихы» жобасына өтінімдер қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«100 жаңа есім»: 1 қазанда өтініш қабылдау басталады  | Strategy2050.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осыдан екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске қосқанын атап өтті.

Бағдарлама аясында биыл «100 жаңа есім» жобасының үшінші кезеңі басталғалы отырғанын жеткізді.

 «Бұл жоба қоғамға өте үлкен ықпал етіп келе жатыр. Сондықтан да ,осы жобаны жалғасытруға бел будық. Бұл жоба елімізге Тәуелсіздік жылдарында өзінің оң ықпалын тигізген азаматтарды насихаттау, олардың жұмыстарымен елімізді таныстыру мақсатында жүзеге асырылуда. Екі жылдың ішінде 5 мыңға жуық адам қатысты. Жоба аясында екі 2 млн-ға жуық дауыс берілді. 130 қазақстандық «100 жаңа есім» жобасына ілінді. Жылдың соңына дейін үшінші кезеңді өткіземіз деп жоспарлап отырмыз», - деді Д.Абаев.

абаева.jpg

 Сонымен қатар, министр мемлекеттің бастамасымен басталған жоба қоғамның көңілінен шығып талқыланса, әрбір азаматтың жүрегінен орын табатынын айтты.

 «Біз білікті мамандардан тұратын әділ қазылар алқасын әзірледік. Оның құрамында Қуаныш Шонбай, Асылбек Қожахметов, Саясат Нұрбек, Мұрат Әбенов және Рахым Ошақбаев сынды тұлғалар бар. Ерекше атап өтетіні, Халық әртісі Роза Рымбаева да қатарға қосылды», - деді ол.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев бұл жоба көпбалалы аналарға да қажет екенін жеткізді.

 «Бұл көпбалалы аналарға да тиімді жоба. Себебі, олар өздері арқылы балаларына сәтті үлгі көрсете алады. Біз Қазақстанның әртүрлі сала бойынша таланттарға бай екенін көрсеткіміз келеді. Өкінішке қарай, біз күйкі тірліктің қамымен көп тұлғалардың айтулы жетістіктерін байқамауымыз мүмкін. Сондықтан да, біз өз азаматтарымызбен мақтана алатынымызды көрсетуіміз керек. Бұл өскелең ұрпаққа жақсы үлгі болады», - деді министр.

Өз кезегінде «Рухани жаңғыру» қазақстандық әлеуметтік даму институты басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев байқаудың кезеңдері қалай жүзеге асырылатыны туралы айтып берді.

 «Өтініштерді қабылдау 1-24 қазан аралығында жүреді. 5 қарашадан бастап онлайн дауыс беруді бастаймыз. Әділ қазылар алқасы мен дауыс берудің қорытындысы бойынша жеңімпаздар желтоқсан айында анықталады. Өтініштер 100janaesim.ruh.kz сайтында қабылданады. Бұл осыған дейінгі қатысушылар туралы мәліметтер жиналған энциклопедия болып табылады. Сайттан осыған дейінгі жеңімпаздар мен қатысушылар туралы барлық ақпаратты оқи аласыздар», - деді К.Ойшыбаев.

Сондай-ақ, ол сайтта кез келген қатысушыны аты-жөні және өңірі арқылы лезде тауып алуға болатынын жеткізді.

кемелбека.jpg

 «Биыл «Қазконтент» АҚ-мен өтініш қабылдау үрдісін жүйелендірдік. Алдымен анкетаны толтыру қажет болады. Толтырылған мәліметтер бойынша үміткер туралы толық ақпаратқа қол жеткіземіз. Анкетаны боттар емес, шынайы адамдар толтыруы үшін арнайы сұрақтарды енгіздік. Қатысушылар оның мәліметтерін растай алатын тұлғалар тізімін жазуы керек. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі аккаунттарының сілтемелері де қажет болады.Оған қоса, жеке нөмір арқылы қатысушыға жеке құпия сан келеді.Өтініштер сайтқа жарияланбас бұрын, өңдеу мен реттеуден өтеді. Одан кейін барлық анкеталар дауыс беруге жөнелтіледі», - деді ол.

Сонымен қатар,К.Ойшыбаев дауыс беру тәртібіне тоқталды.

«Бір адам 6 бағыт бойынша бір кандидатқа ғана дауыс бере алады. Боттардың дауыс беруін алдын-алу үшін әрбір қатысушы өзінің жеке поштасы арқылы тіркелген соң, өз дауысын бере алады. Біздің пікірімізше, бұл дауыс берудің ашықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді», - деді ол.

Ал өткен жылы «100 жаңа есім» жеңімпазы атанған Асан Жолдасов байқаудан кейін өмірінің қаншалықты өзгергені туралы айтып берді.

65045c4f-e727-40e7-9fd7-8fbd5f47e37d.jpg

«Мен бұл байқауға басында күмәнмен қарадым. Алайда, бірінші жылы менің шәкіртім жеңімпаз атанып, Елбасы алдында сөз сөйледі. Екінші мәрте мен өзім жеңімпаз атанып кеттім. Осыдан кейін менің өмірім түбегейлі өзгерді. Бұл өте үлкен мүмкіндік беретін жоба деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл қоғам алдында өз жауапкершілігіңді сезінуге мүмкіндік береді. Себебі, өзіндік үлгі арқылы өзгелерге мысал бола аласың. Биыл - Жастар жылы.Оған қоса, ұстаздарға ерекше мән беріліп отыр. Бұл біз үшін өте үлкен мәртебе. Баршаңызды қатысуға шақырамын», - деді А.Жолдасов.

Айта кетейік, жобаның нәтижелері осы жылдың желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан назарбаевтың қатысуымен өтетін таныстырылымда жарияланады.

Аягөз Құрмаш

Фото: Арман Мұхатов   

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды