• Басты
  • 10 мыңнан астам адам ЖҚЖК аясында жұмысқа орналасты - Б.Нұрымбетов
5 Мамыр, 2020 10:35

10 мыңнан астам адам ЖҚЖК аясында жұмысқа орналасты - Б.Нұрымбетов

2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 1265 жобаны іске асыру басталды, онда 17 мың жұмыс орны құрылып, 10,3 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
10 мыңнан астам адам ЖҚЖК аясында жұмысқа орналасты - Б.Нұрымбетов

Өз сөзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қызметкерлердің кемінде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа қабылданатынын, басымдық жұмыссыз жастарға берілетінін хабарлады.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Сондай-ақ мердігерлер санитариялық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс.

Жергілікті атқарушы органдар іске асыру үшін 6 506 жобаны ұсынды, оның 2 410-ы республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын болады.

«1 мамырдағы жағдай бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалар бойынша 1 779 жоба (немесе 73,8%) бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталды. Бірқатар өңірлерде 1 265 жоба бойынша жұмыстар басталып кетті, 17 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 10 332 жұмысшы жұмысқа қабылданды», – деді Біржан Нұрымбетов.

ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:

– әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (2 703 жоба);

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (1 039 жоба);

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (1 799 жоба);

– елді мекендерді абаттандыру (965 жоба).

Министр ЖҚЖК-ны іске асыру айтарлықтай оң нәтиже беретіндігін атап өтті.

Мысалы, 80 жаңа білім беру объектісінің құрылысы апатты және үш ауысымды мектептердің проблемаларын шешуге, ауылдық жерлерде білім беру ұйымдарының қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ 7 мыңға жуық педагогты тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. 24 Денсаулық сақтау объектісінің құрылысы алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділікті арттырады, сондай-ақ шамамен 1 мың медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. 36 мәдениет және спорт нысанының құрылысы бұқаралық спортты дамытуға оң әсер етеді, жастар үшін бос уақыт мәселесін шешуге және 1,6 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, су шаруашылығының 12 жаңа объектісін салу және қолданыстағыларын жаңғырту халық үшін ауыз судың қолжетімділігін арттырады, суармалы жерлердің көлемін кеңейтуге, пайдаланылмайтын жерлерді айналымға тартуға, аралас салаларда 77 мың адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың 247 жаңа объектісін салу және қолданыстағыларын жаңғырту тұрғын үй құрылысы үшін жағдай жасайды, ауыл тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, коммуналдық желілердің тозуын төмендетеді. Елді мекендерді абаттандыру олардың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, азаматтардың қауіпсіз және жайлы демалысы үшін жағдай жасайды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды