• Басты
  • 1 маусымда 54 пойыз жолға шығады - Ж.Тайжанов
29 Мамыр, 2020 14:42

1 маусымда 54 пойыз жолға шығады - Ж.Тайжанов

13 мамырда коронавирус инфекциясын болдырмау мақсатында өткен Ведомствааралық комиссия отырысында мемлекет ішінде жолаушылар пойыздары қатынасын жаңғыртуға қатысты шешім қабылданды. Жолаушылар пойыздарын жөнелту 2020 жылы 1 маусымнан бастап халықтың талабына және аймақтардың эпидемиологиялық жағдайына байланысты деңгейлі жүргізілетін болады. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрғасының орынбасары Жәнібек Тайжанов  айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

    

1 маусымда 54 пойыз жолға шығады - Ж.Тайжанов
«Бастапқы кезде 54 пойыз жүргізілетін болады, оның ішінде Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалык, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазган, Қызылорда; Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазган, Орал, Петропавл, Қостанай; Кызылорда – Семей, Көкшетау, Петропавл; Қостанай – Қарағанды; Арқалык; Қарағанды – Жезқазған; Қызылорда – Көкшетау, Петропавл, Маңғыстау – Ақтөбе бағыттары және қала маңы қатынастары», - деді Ж.Тайжанов.

Ол атап өткендей, 15 мамырдан бастап билет сатылымға түсті.

«Бүгінгі таңда 293 мыңнан астам билет сатылды. Пойыздардың қамтылу көлемі 70 пайызды құрап отыр. 10 маусымнан басталатын екінші кезеңде 39 жұп пойыз іске қосылады. Оның ішінде 6 тальго, 14 стандарт, 19 қала маңында қатынас жасайтын пойыздар. оның ішінде Нұр-Сұлтан-Алматы, Атырау-Достық, Орал, Айсары,Шымкент; Алматы, Атырау,Ақтөбе,Орал,Өскемен,Түркістан,Петропавл; Атырау-Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсары, Карабатано бағыттары және қала маңы бағыттары», - деді ол.

Ж.Тайжанов үшінші кезеңде мемлекеттік шекарада алынатын кедергілерден кейін көрші елдерге бағыттар ашылады.

«Аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қатысты, сонымен бірге көршілес мемлекеттермен келіскеннен соң 15 пойыздың жүргізілуі жоспарланып отыр, оның ішінде Алматы-Ташкент, Саратов, Үрімші, Новосибирск, Казань; Нұр-Сұлтан –Челябинск; Қарағанды-Москва, Омск, Томск; Атырау-Астрахань бағыттары.Қазіргі кезде, жолаушы билеттер сатылымы ашылды (ағымдағы жылы 15 мамырдан бастап), сонымен бірге тасымалдау процестері барлық инфраструктуралық объектілер санитарлық жағдайларға сәйкес дайын және құрамдар жөнелтілуге дайын», - деді ол.

   Спикер атағандай, жолаушылардың және пойыз бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес жүзеге асатын болады.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды