• Басты
  • 1 маусым: Балалар құқығы қалай қорғалып жатыр

1 маусым: Балалар құқығы қалай қорғалып жатыр

31 Мамыр, 2021 18:04

Жыл сайын 1 маусымда бүкіл әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты басымдықтарының бірі - әрқашан балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Статистикаға сүйенсек, біздің елдегі балалардың саны - 6 миллион 109 мыңды құрайды. Осы орайда, балалар күніне орай еліміздегі балалардың құқығы, заңдарға енгізілген өзгерістер, балалардың балабақшамен, қосымша білім берумен, үйірме және секциялармен қамтылуы, балаларды қорғау үшін қолға алынған шаралар туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.

Балалардың құқығын қорғауға қатысты заңдар

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан 15 халықаралық құжатты ратификациялады, оның біріншісі - Бала құқықтары туралы конвенция. Қазір оның барлық баптары елдің заңнамалық актілерінде жүзеге асырылады.

«Балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен кепілдіктерін реттейтін 45-тен астам нормативтік құқықтық акті қабылданды», - деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша (27-бап) неке, отбасы және бала мемлекеттің қорғауында.

«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс баланың заманауи медициналық қызметтерге, денсаулығын қалпына келтіруге, медициналық тексеруден өтуге, емделуге, кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету құқығына кепілдік береді. Мүмкіндігі шектеулі балалар, АИТВ жұқтырған, ЖҚТБ-мен ауыратын балалар білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау мекемелерінде ақысыз медициналық-педагогикалық түзеу көмегін алуға құқылы.

«Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы» кодексі отбасында өмір сүру және өсу, ата-аналармен қарым-қатынас жасау, өз пікірін білдіру, аты, әкесінің аты және тегі, сондай-ақ меншік құқығын білдіреді.

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жастардың толық рухани, мәдени және физикалық дамуына жағдай жасауға арналған.

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және балалардың қараусыз мен панасыз қалуының алдын-алу туралы» заң кәмелетке толмағандардың заңсыз әрекеттеріне жол бермейді, балаларға құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер жасайды.

«Білім туралы» Заң кәмелетке толмағандардың ақысыз жалпы орта білім алу құқығын және конкурстық негізде ақысыз жоғары білім алу құқығын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заң барлық балалар тегіне, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасы мен тұрғылықты жеріне қарамастан тең құқылы екендігін жариялайды.

«Балаларды қорғау және шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң шетелдік асырап алу тек баланың мүдделері мен олардың негізгі құқықтары сақталған кезде ғана жүзеге асатынын, сондай-ақ балаларды ұрлап әкетудің, сатудың алады.

Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдаудың тәсілі мен әдістерін анықтайды.

Бала құқықтары туралы конвенцияның қағидалары мен нормалары қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстерінде ескеріліп, азаматтық, отбасылық және басқа құқық салаларында көрініс табады.

Бала құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдар

БҒМ-ның мәліметінше, елімізде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері мәселелерімен бірқатар ұйым айналысады. Олар:

- 228 кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялар;

- ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтары және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

- Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты;

- 9 министрлік пен ведомстволар;

- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелерінің жүздеген органы мен ұйымы.

2020 жылы білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті директорының балалардың құқықтарын қорғауға жауапты орынбасары ретінде жаңа қызмет енгізілді. Бұл қызметпен аймақтық балалар омбудсмендері айналысады.

«Қазақстандық балалардың әл-ауқатын жақсартуда 300-ден асатын үкіметтік емес ұйым маңызды рөл атқарады. Еріктілер қозғалысы балаларды қорғау саласында белсенді дамып келеді», - деп атап өтті Есенғазы Иманғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде.

Оның мәліметінше, 2020 жылы қабылданған бірлескен шаралардың арқасында 454 мың баланың құқығы қорғалған, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алуға, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 20 мың балаға және мүгедектігі бар 200 балаға көмек көрсетілген.

Балалардың балабақшамен қамтылуы

Комитет төрағасының сөзінше, министрлік баланың мектепке дейінгі білім алу құқығы мен ерте дамуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Статистика бойынша, 3-6 жастағы балаларды қамту 98,8% құрап отыр. Ал, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 71,2% құрайды. Бұл көрсеткішті арттыру үшін жекеменшік балабақшалардың дамуы ваучерлік механизмді енгізу арқылы жалғасады. Осы мақсаттар үшін жан басына шаққандағы норматив 31-ден 40 мың теңгеге дейін артқан.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын және балалардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі бекітілген. Жаңа модельді енгізу жаңа оқу жылынан басталмақ. Осы мақсатта мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандартына «Ойын арқылы оқыту» қағидасы бойынша өзгерістер енгізілмек.

Қосымша білім берумен 2 млн-нан астам бала қамтылған

Cонымен қоса, әр оқушының үйірме және түрлі секциялармен қамтылуы да маңызды мәселе және бұл әр баланың құқығы. БҒМ-ның мәліметінше, қосымша білім берумен 62,8% немесе 2 185 958 баланы қамтылған. Бұл көрсеткіш балаларды толықтай қамтуға жеткіліксіз, сондықтан қосымша білім алуға мемлекеттік білім беруге тапсырыс жасау көзделген.

Халықтың денсаулығын жақсартудың қолжетімді тетіктерін дамыту мақсатында мұғалімдерге мектептен тыс спорттық жұмыстары үшін базалық лауазымдық жалақысының 100% мөлшерінде қосымша төлем белгіленген. Бұл 520 мыңнан астам мектеп оқушыларын спорт секцияларымен қамтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік спорт және мемлекеттік шығармашылық тапсырыстар енгізілді. Бұл шаралар әр оқушыны тегін үйірмемен және секциямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Комитет төрағасының мәліметінше, мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны 110818 құрайды екен, оның 83916-ы (75,7%) білім алып жатыр.

«Жан басына қаржыландыру механизмін енгізудің арқасында жалпы білім беретін мектепте оқитын жалпы білім беру бағдарламасы бар баланы қаржыландыру биылдан бастап ұлғаяды, бұл шамамен 400 мың теңгені құрайды», - деді ол.

Комитет төрағасының мәліметінше, 2 жыл ішінде ұлттық заңнамаға енгізілген 83 түзету енгізілген. Бұл отбасы және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың мемлекеттік шараларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні заң балаларға қарсы, оның ішінде олардың жыныстық қылмыс үшін жауапкершілікті күшейтті. Сонымен қоса, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның функциялары кеңейтілді.

«Мектептегі психологиялық қызметтердің, қамқоршылық кеңестердің, медиация қызметтерінің жұмысына жаңа тәсілдер әзірленуде, олар кәмелетке толмағандар арасындағы бұзақылық, суицид және зорлық-зомбылық сияқты қылмыстарға қарсы тұруға ықпал етеді», - деп толықтырды комитет төрағасы.

Сонымен, қазіргі уақытта мұғалімдер ғана емес, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлер де құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы фактілерді шұғыл хабарлауға міндетті. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлау және зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілік бас бостандығынан айыру мерзімдерін ұлғайту арқылы күшейтілді.

«Ішкі істер министрлігімен бірлесіп қабылданған стандарттар мен талаптар аясында балабақшалар мен мектептер меншік түріне қарамастан 100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталған», - деді Есенғазы Иманғалиев.

БҒМ-нің дерегінше, республикада 16 мың оқушы мектебі жоқ елдімекендерде тұрады және оқу орнына дейін тасымалдауды қажет етеді. Олардың қауіпсіздігі де ерекше бақылауда, ал мектеп автобусы ең қауіпсіз көлік болуы керек.

Комитет жыл сайын ішкі істер министрлігінің көліктік бақылау органдарымен бірлесіп «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясын өткізеді.

«Қазір жаз айында мектеп оқушыларының барлық контингентін қабылдауға дайын 12 мың балаларға арналған лагердің басты міндеті - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бас санитарлық дәрігердің No17 қаулысы бойынша, стационарлық жазғы лагерлердің жұмысына ағымдағы жылы рұқсат етілген. Жазғы жұмыспен қамту кезінде шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламалары басымдық берілген», - деді Есенғазы Иманғалиев.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайы

Комитет төрағасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылатынын баса айтты. Оның сөзінше, жетім балаларды орналастыруға көмектесетін ұйымдардың қызметін, оларды аккредиттеуге қойылатын талаптар реттелген. Сондай-ақ әлеуетті асырап алушы ата-аналарын міндетті оқытудан өтеді. Осы шаралардың енгізілуі балалар үйінде тәрбиеленетін балалардың санын азайтуға, сондай-ақ деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді.

«Бүгінгі күні республикада 23 063 жетім бала бар, 18 805-і немесе 81,5% отбасыларда. Жыл сайын балалар үйінің саны азайып келеді және біз бұған қуаныштымыз. Сонымен, жетім балаларға арналған 96 ұйымда 4254 оқушы тәрбиеленіп жатыр», - деді ол.

Оның айтуынша, балалар үйлерін қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына айналдыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Өңірлерде жетім балаларға арналған ұйымдарды деинститутализациялау, топтастыру және оңтайландыру жоспарлары қабылданған. Тек өткен жылдың өзінде осындай 18 мекеме оңтайландырылған.

Баланың тыңдау құқығын жүзеге асыруда балалар қоғамдық ұйымдары, балалар өкілдіктері, кеңестер мен форумдар, пікірсайыс клубтары ерекше рөл атқарады. Инновациялық жаңа коммуникация мүмкіндіктері қоғаммен, ата-аналармен және балалармен үздіксіз өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

«Білім бөлімдері жанынан аймақтық байланыс орталықтары ашылды, оларға 50-ден астам маман тартылды, 200 мың мәселе қаралды», - деді комитет төрағасы.

2020 жылы әр мектепте балалардың құқықтарын қамтамасыз ету министрлігінің балалар өкілдіктері құрылды. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде 411 ұйымның қызметі зерттелді. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері негізінде 25 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Веб-сайттарда және бұқаралық ақпарат құралдарында тұрғындарға арналған 2 мыңнан астам материал жарияланды.

«Осы және басқа шаралардың барлығы баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және 2023 жылға дейінгі жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерді шешудің Жол картасына енгізілген», - деді ол.

Алайда, оның айтуынша, тек ұйымдастырушылық және институционалдық шаралар жеткіліксіз. Әр аймақтағы, әр елдімекендегі балалардың әл-ауқатын анықтау үшін тиісті индикаторларды анықтай отырып, оларды мақсатты қаржыландыру арқылы мәселелердің шешілуін қамтамасыз ететін шаралар қажет.

Барлық жаңалықтар