• Басты
  • 1-мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашылады – Президент

1-мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашылады – Президент

27 Сәуір, 2020 12:21
Салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды, деп хабарлады Strategy2050.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды.Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды», - деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет екенін айтты.

«Барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды.Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн», - деді ол.

Барлық жаңалықтар