• Басты
  • 1,6 млн астам азамат қарыздары бойынша мерзімін кейінге шегерді
29 Сәуір, 2020 10:41

1,6 млн астам азамат қарыздары бойынша мерзімін кейінге шегерді

1,6 миллионнан астам қарыз алушы қарыздары бойынша мерзімін кейінге шегерді, 246 кәсіпкер жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша кредит алуға мақұлдаудан өтті және 1,7 млн адам әлеуметтік жәрдемақы алу үшін төлем карталарын және карточкалық шоттар ашты, деп хабарлады Strategy2050.kz Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасай отырып.

 

1,6 млн астам азамат қарыздары бойынша мерзімін кейінге шегерді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шаралардың орындалу мониторингін жалғастыруда.

Екінші деңгейдегі банктерге және өзге де кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 844 599 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 831 489 жеке тұлға банктік қарыз төлемдері бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді, 13 110 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімді кейінге шегеруге өтінім беру үшін кредиттік ұйымдарға жүгінді.

1 661 232 жеке тұлға 237,4 млрд теңге сомаға немесе барлық қарыз алушының 31,3%-ы төлемдерді тоқтата тұруға мақұлдау алды. Оның ішінде 299 363 - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдері.

Сонымен бірге 11 561 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 138,8 млрд теңге сомаға немесе кәсіпкерлердің жалпы санынан 44,1%-ы мерзімін кейінге шегерді.

Қалған өтінімдер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданады.

Бүгінгі күні шамамен 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге сомаға және 26,2 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 3,9 трлн теңге сомаға банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша берешегі бар.

 

Кәсіпкерлерді жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы шеңберінде қаражаттың игерілуін мониторингтеу

 

Екінші деңгейдегі банктерден алынған деректерге сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері және дара кәсіпкерлер кредит алу үшін 274,8 млрд теңге сомаға 1 313 өтінім берді. Оның ішінде 62,5 млрд теңге сомаға 246 қарыз мақұлданған.

 

 

Екінші деңгейдегі банктерде және «Қазпочта» АҚ-та төлем карточкаларын алу

Әлеуметтік жәрдемақы алу үшін 1,7 млн адам төлем карточкасын және карточкалық шот ашқан. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 сәуірдегі отырысында берген тапсырмасы шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктермен төлем карточкаларын банктердің бөлімшелеріне бармай-ақ қашықтан алу алгоритмін дайындады.

Бүгінгі күні 1 013 558 азамат қашықтан карточкалық шот және төлем карточкасын ашқан және олар шамамен 700 мыңдай клиенттің үйіне жеткізіліп берілген.

 

Төтенше жағдай енгізілгеннен бері «Қазақстанның Халық банкі» АҚ қашықтан 564 615, Kaspi Bank – 358 884, Forte Bank АҚ – 26 745, «Банк Центр кредит» АҚ - 25 258 төлем карточкасын ашқан.

«Қазпочта» АҚ 88 397 төлем карточкасын үйге жеткізіп берген.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды