• Басты
  • «Үздік педагог 2019» атағына 64 ұстаз ие болды
3 Қазан, 2019 17:04

«Үздік педагог 2019» атағына 64 ұстаз ие болды


«Үздік педагог 2019» атағына 64 ұстаз ие болды. Бүгін республикалық байқаудың жеңімпаздары мараптаталды. Республикалық байқаудың қалалық және аудандық турларына 3707-ден астам ұстаз қатысты.Облыстық деңгейге 630 мұғалім өтіп,финалда 108 ұстаз іріктелді, деп хабарлады Strtategy2050.kz тілшісі. 
«Үздік педагог 2019» атағына 64 ұстаз ие болды  | Strategy2050.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

«Қадірлі ардагер ұстаздар, аса құрметті әріптестер, ең алдымен сіздерді кәсіби мерекеміз - ұстаздар күнімен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік алғаннан бастап ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде. Мұны өздеріңіз жақсы білесіздер. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздің білім саласы биіктерден көрінуде. Қазір осы жұмыс жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сайлауалды бағдарламасында білім саласын дамытуға аса назар аударып, біздің алдымызға үлкен міндеттер қойды. Биылғы тамыз конференциясына президенттің өзі қатысып, біздің ұстаздарға алғысын айтып, жүйеміздің алдына үлкен мақсаттар қойғанын да білесіздер», - деді министр. 

Сондай-ақ, министр төрт жыл ішінде ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруға байланысты тапсырма берілгенін атап өтті. 

«Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Елбасының арнайы тапсырмасымен, педагог мәртебесі туралы заң қаралып жатыр. Оның өзіне 3 трлн теңге қаражат қарастырылған. Бұл деген - ұстаздарға, білім саласына деген үлкен құрмет. Әрине, проблемалар жоқ емес, бар. Біз оның бәрін білеміз. Соның барлығын мұғалімдер, ата-аналар, қоғаммен бірлесе отырып, шешеміз деп айтқым келеді. Енді ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы "Маған бәрінен де ұстаз, мұғалім жақын. Мұғалім- мектептің жүрегі " дегенін бәріңіз білесіздер. Сондықтан мұғалімге қанша жақсылық жасасақ та, мадақтау айтсақ та, ол көп болмайды. Өйткені мұғалімнің жұмысы - өте маңызды. Мемлекетіміздің алға жылжуы, болашағымызды жарқын ету үшін ең алдынғы қатардағы мамандықтардың бірі екенін білеміз», - деді А.Аймағамбетов.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі ұстазын еске алды.

«Менің ұстазым Людмила Валентиновна тек маған ғана ыстық ықыласпен қарайтын сияқты көрінетін. Басыңнан сипап,жылы сөздерін жаудырғанда жаның жадырап қалатын. Кейін келе ол тек маған ғана емес,барлық оқушыларға сондай ерекше көзқараспен қарайтынын білдім. Барлығына бірдей қарым-қатынас болса да әр бала өзін ерекше сезінуі - мұғалімнің таланты. Осындай ұстаздарымыз жетерлік. Солардың нәтижесінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп жатыр.Өте керемет мереке. Қазір заң жобасы Парламент Сенатында қаралып жатыр. Бұл заңнан көп нәрсе күтуге,айтуға болады. Бүгінде бүкіл қоғам педагог мәртебесі туралы айтып жатыр. Бұл үлкен жетістік. Ұстаздарға қанша жылы сөз айтсақ та аз. Алғаш рет педагогтар туралы заңның қабылдануы да өте үлкен дәреже,жетістік. Разы оқытушыларыңыз көп болсын. Бірақ, бүгін разы ,түсінігі мол ата-ана тілеген дұрыс шығар»,-деді А. Аймағамбетов.

Өз кезегінде «Үздік педагог 2019» жеңімпаздарының бірі Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы атындағы гимназияның ұстазы Бақыт Кудериева өзінің әсерімен бөлісті. 

«Байқауға 28 жылдық еңбек өтілімнің барлығын жинап, дайындалдым. Ұстаздық жолымда талай шәкірттерді тәрбиеледім, көп еңбек еттім, сол еңбегімнің нәтижесі деп ойлаймын. «Үздік педагог» болу үшін өзіміздің жеке шығармашылық тақырыбымыз бойынша жобалар дайындау,өзіміздің және оқушыларымыздың жетістіктері бағаланды. Мұғалімнің педагогикалық, шығармашылық жұмыстары да бағаланды, мәселен, бағдарламалар мен көмекші әдіснамалықтарды әзірледік. Өзіміздің ізбасарларымызға көмек болсын деп дайындадық», - деді ол.

Сондай-ақ, үздік ұстаз аталған байқауға қатысушы үміткерлерге емтихандарда қандай сұрақтар болатынымен бөлісті. 

0539c474-7def-42ef-9efd-8c52dcdf07f5.jpg

«Мен алдымен мұғалімнің ең алдымен теориялық білім мықты болуы керек деген ұстанымға келдім. Терең теориялық білімнің арқасында тестен сүрінбей өттім. Қалғаны мұғалімнің шығармашылық жолында жасалатын жұмыстар. Бүгінгі көңіл күйім өте керемет. Нұр-Сұлтан қаласына үздік педагог ретінде келіп тұрмын. Тәуелсіз еліміздің елордасында осындай биік жүлдеге ие болып жатқаныма қуаныштымын. Елде болып жатқан барлық іс-шаралар біздің көңіл –кұйімізден шығып жатыр. Педагог мәртбесін арттыру бойынша бірқатар бастамалар жүзеге асырылуда. Педагогтың қадір-қасиетін артыратын шаралар көңілді көншітеді», - деді ол. 

Айта кетейік, 8 жыл ішінде аталған байқауға 35 127 педагог қатысқан, оның ішінде мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 432 педагог 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және "Үздік педагог" белгісімен марапатталған.

Биылғы салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі – байқау жеңімпаздарын құттықтаумен қатар жеңімпаздардың біріне қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорымен "Қазақстан мұғалімі" сыйлықақысы беріледі. Жеңімпаздар арасындағы ең үздік 10 жұмыс "Әлем мұғалімі-2020" халықаралық конкурсына жіберілетін болады.

Аягөз Құрмаш 



 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды