• Басты
  • Заң жобасы прогрессивті сипатқа ие – С.Амандықова
20 Мамыр, 2020 12:19

Заң жобасы прогрессивті сипатқа ие – С.Амандықова

Бүгін Мәжіліс депутаттары «ҚР-да бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртiбi туралы» құжатқа ҚР Парламентінің Сенаты енгізген түзетулeр мен толықтыруларды қолдап дауыс берді. Осыған орай заң ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Амандықова сарапшылық пікірін білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

    Заң жобасы прогрессивті сипатқа ие – С.Амандықова
«Бейбіт жиындар туралы аталған заң ҚР Конституциясының 32-бабында көрсетілген азаматтардың конституциялық құқықтарын көрсетудің маңызды көрінісі болып табылады. Бүгінгі күнге дейін бейбіт жиындарды реттеуді 1995 жылғы заң жобасы жүзеге асырылып келді. Заңның өзі 25 жыл бұрын қабылданғандықтан ол заманауи талаптарға жауап бермеді. Сондықтан да, заң жобасы уақытылы қабылданып жатыр. Себебі, біз азаматтық қоғам белсенді бола түскеніне куә болып отырмыз. Азаматтар өздерінің пікірлерін мемлекетке жеткізгісі келеді. Өз кезегінде ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында заң шығарушы орган бұл заңды қабылдап отыр», - деді С.Амандықова.

 Сарапшы айтқандай, аталған заң жобасы қоғам ішінде белсенді талқыға түсті.

«Азаматтық қоғам ұсынған көптеген ұсыныстар заң жобасына енгізілді. Меніңше, заң жобасы прогрессивті сипатқа ие. Мәселен, жеке пикетті азамат кез келген жерде ұйымдастыра алады. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік органдар алдында өткізе алады. Бұл оңтайлы өзгеріс деп ойламын», - деді ол.

Сондай-ақ, С.Амандықова бейбіт жиындарды арнайы орындарды өткізу мәселесін де атап өтті.

 « Заң шығарушы орган мамандандырылған орындардың болғаны дұрыс деп есептейді. Мен де бұл шешімді қолдаймын. Себебі, мамандандырылған орындардың болуы кез келген уақытта бейбіт жиынды өткізе беруге мүмкіндік береді. Ол үшін жұмыс күнінің соңын күтудің қажеті жоқ. Бұл қарапайым азаматтарға әсерін тигізбеуі керек. Тағы да айта кететін жайт, бейбіт жиындарды өткізу үшін ескерту қажеттігі арқылы жүзеге асыру ашықтығы береді. Сенатта да оңтайлы өзгертулер енгізілген болатын. Мамандандырылған орындар қала сыртынан ғана емес, орталық алаңдардан да берілетін болды. Бұл бойынша азаматтық қоғам тарапынан көптеген сын-пікірлер түскен болатын. Заң шығарулар ол ұсыныстарды ескеріп, толықтырулар енгізді. 3 орын қаланың немесе басқа елді –мекеннің орталығынан болуы керек деп шешілді», - деді ол.

 Сонымен қатар, профессор заң жобасы мемлекет пен азаматтық қоғамарасындағы байланыс аясында жүзеге асырылғанын айтады.

 «Бейбіт жиындарды өткізілуі мемлекеттік органдардың құзырында болады. Бейбіт жиындарды өткізбеуге қойылған шектеулер саны қысқартылды. Осыған дейінгі заң жобасы шектеулерді қарастырса, қазір негізсіз бейбіт жиындарды өткізбеу туралы шешім қабылдай алмайды. Жалпы, тұжырымдама халықаралық құқықтардың нормалары мен талаптарына сәйкес, әрбір адамның еркін пікір білдіруі ескерілген. «Естуші мемлекет» тұжырымдамасына толық сәйкес келіп отыр», - деп түйіндеді ол.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды