- Басты
- Жаңалықтар
- «Қызыл» аймаққа кірген өңірлер мен блок-бекеттер саны артты
«Қызыл» аймаққа кірген өңірлер мен блок-бекеттер саны артты
Бүгінгі таңда Қазақстанда 24 894 адам короновирус инфекциясынан (13 226 КВИ+ және 11 668 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 485 пациент стационарда, 18 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Өңірлерге қатысты эпидахуал Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
312 адамның ауыр халде, 61 науқастың жағайы «өте ауыр» деп бағалануда,
49 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Коронавирусты пневмонияның 18 жағдайы тіркеліп, 2 жағдай науқас қайтыс болған. 43 адам жазылып шыққан.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда 34 блок-бекет орнатылғанын айтты.
«Министрлік бұрынғы режимде елдегі тәртіпті қадағалап, денсаулық сақтау органдарына шектеу шараларын сақтауда көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінгі күні санитарлық инспекторлардың шешімдері негізінде кейбір аймақтарда 15 бақылау бекеттері құрылды. Алматы облысында тоғыз, Костанайда төртеу, Ақтөбеде екеу және Атырау облысында төрт блок-бекет бар. Карантиндік шараларға 10 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қатысады. 290 карантиндік нысандар қоршауға алынды», - деді Тұрғымбаев бүгінгі Үкімет отырысында.
5 облыс, 1 қала «қызыл» аймақта
Жыл басталғалы «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа үш өңір, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы өтті. Ал «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа Алматы мен Қарағанды облыстары кірген. Осылайша, қазіргі уақытта 6 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта үш өңір бар: БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары. «Қалған 8 өңір «жасыл» аймақта.
Павлодар облысында қатаң карантин енгізілді
Бүгін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов облыста демалыс күндері қатаң карантин енгізілгенін айтты.
«Өткен аптада Павлодар облысында коронавирус инфекцияның 616 жағдайы тіркелді. Аурудың өсуі 5,8% құрап отыр. Өткен тәулікте 150 жағдай тіркелді. Байланыста болған 366 адам анықталды. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізіліп, жаңа ошақтар оқшауланды. Өңірдің денсаулық жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 37,7 пайыз. Қазір 1 635 төсек-орын, ал резервте тағы да 2 мыңнан астам орын бар. Бүгінде реанимацияда 21 науқас жатыр. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр. Облыс бойынша 169 мобильді бригада жұмыс істейді. Тәулігіне 2,5 мыңнан астам ПТР тестілеу жүргізіледі. Жағдай бақылауда», – деді әкім.
Енді облыста демалыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтарының, СПА, сауна, спорт нысандарының және спорт кешендерінің, фитнес орталықтарының қызметі, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Қалааралық, ауданааралық автобус, шағын автобуспен жолаушыларды тасымалдау шектелді.
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 177 адам ауру жұқтырды
Маңғыстауда ай басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны едәуір артты. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев берген мәліметке сүйенсек, жаңа жылдан 177 адамнан вирус шықты.
«Маңғыстау облысында 1 қаңтардан бастап 18 күн ішінде 177 жағдай тіркелді. Мұндай өсімнің басты себебі жасырын тойлар, садақалар, мерекелік шаралар болуы мүмкін. Қазан, қараша айында инфекция жұқтырған 2-3 адам тіркелсе, соңғы 3 күнде аурудың тіркелуі 17,18-ге дейін көтеріліп жатыр. Облыс бойынша ауру жұқтырғандар саны Ақтау қаласында көп, екінші орында Түпқараған ауданы, үшінші орында Мұнайлы ауданы тұр», - деді бас санитар.
Алматыда коронавирус инфекциясының күнделікті өсуі 0,3%-ге жетті
Алматы қаласында осы күнге дейін коронавирус инфекциясының 20 523 жағдайы тіркелген. Оның 12 843-і симптомды және 7680-і симптомсыз. Жалпы, инфекцияның күнделікті өсуі қалада 0,3% құрайды. «Биыл 18 қаңтарда КВИ – дің 79 жағдайы тіркелді, оның ішінде 59 жағдай симптомды, 20 жағдай симптомсыз. Алматыда коронавирус инфекциясынан 18 484 адам жазылып шықты. Вирустың репродуктивтік көрсеткіші Алматы қаласы бойынша 0,991 (республика бойынша-1,1). Алматы әкімдігі Алматы тұрғындары мен қонақтарын эпидемияға қарсы талаптарды: әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтауды күшейтуге, сондай-ақ мүмкіндігінше жабық мекемелерге барудан және ұзақ уақыт болудан бас тартуға шақырды. Алматы әкімдігінің мәліментінше, қала тұрғындары коронавирус инфекциясын қоғамдық орындардан жұқтырып жатыр.
Қаңтар айының соңғы 2 аптасында мониторинг жұмыстарының нәтижесінде жұқтыру орындары белгілі болды.
«Жүргізілген талдауға сәйкес, адамдар вирусты қоғамдық орындардан (40.1%), отбасында КВИ–мен ауыратын науқаспен байланыстан (27.4%), қалалық көліктен (22.8%), жұмыста КВИ–мен ауыратын науқаспен байланыстан (5.6%), шет елдерден және ҚР өңірлерінен (2.6%) жұқтырып жатыр. Көбінесе 20 - 39 жас – 34,7%, 40 - 59 жас – 28,7%, 60 жастан жоғары адамдар саны 21,3% болып отыр», - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қаланың инфекциялық стационарларында (1866 төсек) 763 пациент бар, оның ішінде 16-сы аса ауыр жағдайда, 141 науқастың жағдайы ауыр, 604 адамның жағдайы орташа ауыр, 2 - жеңіл. Коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында қала бойынша 7011 орындық 23 ковидті стационар (оның ішінде 250 реанимациялық) дайындалды. Емханалардағы медициналық жабдықтар жаңарды. Екі жаңа емхананың құрылысы аяқталды. Олар 500 төсек-орынға арналған инфекциялық госпиталь, 300 төсек-орынға арналған модульдік стационар. Осылайша, соңғы үш айда инфекциялық төсек саны екі есеге артты. Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы күшейтілді. 73 емханада 298 мобильді бригада жұмыс істейді. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен дайындығына ерекше назар аударылды. Алматыда қазіргі уақытта тәулігіне 3 056 зерттеу өткізу қуаты бар 12 ИФТ зертхана жұмыс істейді.
Айнара Байжан
фото:
Ашық дереккөз
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді