• Басты
  • Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)
21 Мамыр, 2020 17:24

Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)

18 мамырдан бастап елордалық шағын қоғамдық тамақтану орындары жұмысын бастады. Солардың ішінде қажеттілігі жоғары жандарды жұмыспен қамтып, бизнес пен әлеуметтік жағдайды ұштастырып отырған әлеуметтік кәсіпкеркелермен сұхбаттасуды жөн көрдік. Олардың төтенше жағдайдан кейін жұмыстары қалай бастағаны және болашақта қандай жоспарлары бар екенін Strategy2050.kz дайындаған материалдан оқи аласыздар.

 Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)
«18 мамырда әлеуметтік кафеміздің жұмысын бастадық. Сол кесте бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жұмысқа кірісе сала Рамазан айына қатысты жаңа мәзір әзірледік. Қызметкерлеріміз төтенше жағдай кезінде оқшаулануда болды. Шынын айту керек, оларға оңай болған жоқ. Себебі, табыс көзі тоқтап тұрды. Біз барынша қолдау көрсетуге тырыстық. Эпидемияға дейін бізде 17 қызметкер жұмыс істейтін. Қазір олардың кейбіреуі өздерінің қалаларына кеткендіктен, 10 қызметкер жұмысқа шықты. Карантин кезінде жаңа әлеуметтік жобаны іске қосу идеясы туындап, осы орынға жақын жерден әлеуметтік көлік жуу тұрағын аштық. Қызмет көрсету аясын кеңейтіп, қажеттілігі жоғары жандарды жұмыспен қамту жолдарын қарастырып жатырмыз», - деді Эмин Аскеров.

6.jpg

Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкердің айтуынша, жаңадан ашылған көлік жуу тұрағында да 10 адам жұмыспен қамтылған.

«Сондай-ақ, әлеуметтік бизнес туралы жеке тәжірибем жайында кітап жазуға кірістім. Бұл барлық әлеуметтік бизнес бастаушыларына бағдар көрсетіп, әлеуметтік бейімделуге ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Әлеуметтік бизнеспен айналысу – ақшадан бөлек нәрсеге ие болу. Бұрын-соңды ешқандай жерде жұмыс істеп көрмеген қажеттілігі жоғары жандардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына куә болудың құны өте жоғары. Бірінші күні аншлаг болды деп айта алмаймын. Десек те, адамдар келіп, тапсырысты өздерімен бірге алып кетіп жатыр», - деді Э.Аскеров.

   Э.Аскеров жұмысқа кіріспес бұрын тамақтану орнын толық дезинфекциядан өткізгенін жеткізді.

8.jpg

«Бұл үрдісті әр сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Себебі, бұл алдымен өзіміздің қауіпсіздік. Екіншіден, бізге келушілер де өз денсаулықтары үшін алаңдамайтын болады. Кафеде арақашықтықты сақтау бойынша барлық талаптар сақталған», - деді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, дағдарыс бұл жаңа мүмкіндік.

7.jpg

«Дағдарыс - қайта кемелдену, ойлану, құндылықтарды қарастыру уақыты. Трансформация кезеңі десек те болады. Сондай-ақ, халықтың ерекше әлеуметтік санатына басқаларға қарағанда әлдеқайда қиын екеніне назар аударылды. Себебі, олар көп жағдайда назардан тыс қалып жатады. Осы сынды әлеуметтік жобалар көп болғанын қалаймыз. Біз үйретуге де, бағыт-бағдар көрсетуге әркез дайынбыз, ашықпыз. Биыл біз өңірлік деңгейге шығуға, филиалдар ашуға мақсат қойдық. Жақын арада Тараз бен Павлодарда пилоттық жобалар іске асырылады. Әлеуметтік кафе мен көлік жуу тұрағының франшизасын әзірлеуді қарастырып отырмыз. Осылайша, әлеуметтік бизнестің аясын кеңейтпекпіз», - дейді ол.

Сондай-ақ, Эмин Аскеров Президент те бұл саланы қолдауға ниетті екенін жеткізді.

«7 ақпанда Президент Қ.Тоқаевпен кездескен едік. Сол кезде ол әлеуметтік бизнесті дамытуға ден қойғанын айтты. Жаңа трендті қалыптастыруға Үкімет қолдау көрсететітінін айтты. Егер де Үкімет тарапынан қолдау болса, азаматтық қоғам белсенді бола түседі. Осылайша, әлемнің жақсаруына бірге үлес қосамыз», - деді ол.

Өз кезегінде кафе меңгерушісі Медер Аматовтың айтуынша, карантинде отыру кезеңі әлеуметтік кафе үшін ауыр болды.

«Қоғамдық тамақтану орны болғандықтан, азық-түлік болады. Олардың барлығын эпидемия басталған кезде мұздатқыштарға салып кеткен болатынбыз. Осы жұмыс басталмас бұрын өзім ертерек шығып, барлығын тазалап, дезинфекция жасадым. Азық-түліктің барлығын қайта сатып алу керек. Оның үстіне жаңа мәзір әзірледік. Қонақтарға ұсынылатын өнімнің балғын болуын қамтамасыз ету үшін тырысып жатырмыз. Жұмыскерлерді шақырып, шығарған соң екінші мәселе туындады. Ол қажеттілігі жоғары қызметкерлерді жұмысқа қайта бейімдеу. Себебі, ұзақ үзілістен кейін олар жылдам жұмыстан шығып қалған. Қазір оларды қайта бейімдеп, жұмысқа баулып жатырмыз. Қызметкерлер ТЖ кезінде үйде отырудан жалыққан, алайда жұмыстың ерекшеліктерін ұмытып қалған», - деді М.Аматов.

9.jpg

Ол атап өткендей, қызметкерлер оқшаулану кезінде бірнеше мәрте телефон шалып, үйде отыруға зеріккендерін айтып, жұмысқа шығуға сұранған.

«Түсіндіру жұмыстарын да жүргіздік. Төтенше жағдай алынған соң, бірден «ертең жұмысқа шығамыз ба?» деп хабарласты. Біз оларға карантин әлі аяқталмағанын, жұмысқа әзірге шығуға болмайтынын айтып түсіндірдік», - деді ол.

М.Аматовтың айтуынша, қажеттілігі жоғары жандардың ішінде әртүрлі жағдайдағылар кездеседі.

1.jpg

«Кейбіреуінің құлағы мүкіс, кейбіреуінің қозғалысы баяу. Қазір ең күрделісі оларға жұмысқа толық қуатта кірісу болып отыр. Олардың жандары нәзік, сол үшін түсіндіру жұмыстарын да жаймен жүзеге асыруға тура келеді», - деді ол.

Оның айтуынша, карантинге дейін Қазақстанның өңірлерін аралап, бизнесті ашу бойынша шеберлік сабақтарын өткізген.

«Карантин кезінде онлайн оқыту қажеттілігінің жоғары екенін көрсетті. Адамдардың барлығы үйлерінде шоғырланған соң, ден қойып оқуға, ынталары ашылып жатыр. Кафе қызметкерлеріне де сол идеяны айтып, әлеуметтік желіде өз шеберліктерін өзгелерге үйрету бойынша курстарыңды ашыңдар деп айтып жүрмін», - деді М.Аматов.

Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкер қаржылық сауаттылық сабақтарын мектептерде үйреткен абзал деп есептейді.

«Қазір егде жастағы адамдар өздері тапқан қаржыларын басқара алмай отырады. Бұл жастайынан меңгерілуі қажет қабілет деп ойлаймын», - деді ол.

Оның айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлік болса да, бизнес болып есептеледі.

10.jpg

«Иә, біз қажеттілігі жоғары жандарды жұмыспен қамтуды қалап, үлкен ниетпен кәсіп аштық. Бірақ, біз бәрібір бизнеспіз. Біздің айналамызда орналасқан қаншама тамақтану орындары бар. Олар да кәсіп. Алайда, бізде жұмыс екі есе. Әлеуметтік деген жүрекпен істеу деген сөз. Біз де есептейміз, бізде де аспаздар жұмыс істейді. Қызмет сапасы жағынан өзге орындардан қалмауымыз керек. Бәсекеге қабілетті бола алуымыз керек.

М.Аматов айтқандай, кафеде істейтін қызметкерлердің басым бөлігінде құлағының мүкісі бар.

11.jpg

«Олар қолмен сөйлеседі. Олардың тілін үйреніп жатырмын.Оларға ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстарын қалай жүргіземіз? Егер олардың тілін білмесең, сенімге кіре алмайсың.Сол үшін де өзім білетін 7 тілге қоса, ишарат тілін де меңгеріп жүрмін. Адамдар біздің қызметкерлерді мүсіркегеннен емес, сапасына, тағамдардың дәміне қарап кіреді. Кейбір келушілер бұл жердің әлеуметтік кафе екенінен хабарсыз болып келеді. Кейін біле келе таңғалып жатады. Бізді ешкім аямасын. Біз бұған қажырлы еңбекпен жетіп жатырмыз», - деді ол.

Әлеуметтік кәсіпкер кафе жұмысқа кіріскен күні қызметкерлер үстелдердің қашықтығын жақындатып орналастырғанын айтып, оларға қазір жаңа тәртіп бар екенін түсіндіруге тура келгенін жеткізген.

5.jpg

«Қазір арақашықтық 1,5 метр екенін айтып, сызғышпен өлшеп үстелдерді қайта орналастырдық. Сақтану шаралары туралы да екі күн сайын түсіндіріп тұрамыз. Вирус жұққан жағдайда адам өзін қалай сезінетіні бойынша да ақпараттандырдық.Олар өздері барып жүрген емханаларда тексеріледі. Біз де жұмыстан тыс қоғамдық орындарға сирек баруға кеңес беріп отырамыз. Жеке гигиенаны сақтау талаптарын да естеріне жиі салып тұрамыз», - деп түйіндеді М.Аматов.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды