• Басты
  • Құқық қорғау органдары академиясына ТМД-ның базалық ұйымы мәртебесі беріледі
3 Қазан, 2019 17:57

Құқық қорғау органдары академиясына ТМД-ның базалық ұйымы мәртебесі беріледі

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы баспасөз туры барысында академияның баспасөз қызметінің өкілі Асқар Ғалиасқаров аталған академияға ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімімен ТМД-ның базалық ұйымы мәртебесі берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
Құқық қорғау органдары академиясына ТМД-ның базалық ұйымы мәртебесі беріледі | Strategy2050.kz
«Биылғы жылдың 1 қазанында Бішкек қаласында ТМД елдері Бас прокурорларының Үйлестіру отырысы өтті. Онда ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімімен Академияға ТМД-ның базалық ұйымы мәртебесі берілді», - деді ол.

Баспасөз туры барысында журналистер академияның жұмысымен танысып, оқу орнының ішін аралады.

Жалпы, аталған академия лингофон кабинеті, спорт зал, акт залы, нысананы атуға арналған арнайы жабдықталған тир кабинеті, дәріс өткізу аудиториялар, шетелден келген мамандармен кездесу өткізуге арналған кабинет, кітапхана, оқу залы, мониторинг өткізу және тренинг, семинарлар өткізілетін кабинеттермен жабдықталған.
IMG_1493.jpg

Сондай-ақ, академия аумағында өңірлерден келіп білім алатын және оқу орнында қызмет жасайтын қызметкерлер үшін де арнайы жатақханалар қарастырылған.

Аталған академияның аға-оқытушысы Утенов Дәуреннің айтуы бойынша, лингофон кабинетінде ақпараттық технологияға қатысты сабақтар өткізіледі.

IMG_1424.jpg
«Бұл лингофон кабинетінде ақпараттық технологияға қатысты сабақтар өткізіледі. Яғни, біздегі құқық қорғау органдары мен Бас прокуратурада қолданылатын ақпараттық жүйе бойынша. Сондай-ақ, кабинетте әрбір студентке тапсырма беріп, оның орындалу барысын қадағалап, жұмыс жасау бағытын бақылап, қажет кезде бағдар беретін, қажет ақпараттармен бөлісуге мүмкіндік беретін арнайы құрылғылар орнатылған. Сондай-ақ, IT технологияны пайдалана отырып, белгілі бір тақырыптарды үйретуге арналған шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Мәселен, Құқықтық қылмысбұзушылық картасы күніне қанша және қандай қылмыс жасалды, оның қай аймақта, қай жерде, қай көшеде жасалғаны туралы мәлімет алуға болады. Сабақ барысында осындай технологиямен жұмыс жасалады», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл электронды карта қарапайым азаматтар үшін де қолжетімді. Pravstat.kz сайты арқылы кез-келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар.

Ал, ғылыми-білім беру қызметінің сапасын мониторингтеу және бағалау басқармасының басшысы Сырбу Александрдің айтуынша, аталған басқарма академия қызметкерлерінің, үйренушілерінің еңбек өнімділігін арттыру және мекеменің жұмысын сапасын жақсарту мақсатында көптеген әдіс-тәсілдерді қолданылатынын айтты.

«Мәселен, бізде «жетекші қызметкерлердің көзімен» деген анкета түріндегі жүргізілетін бағалау жұмысы бар, яғни, оқу орнында білім алушы қызметкерлер жетекшілерінің жеке тұлғалық қасиеттеріне, кәсіби қабілеттеріне қатысты ұсыныстар айтып, баға береді. Сонымен бірге, академияда білім алып жүрген әріптестер де бір-бірін бағалайды. Мұның бәрі мамандардың кәсіби біліктерін арттыру мақсатында жасалып отыр. Сонымен қатар, барлық аудиторияларға камера орнатылған. Мұндай тәсіл арқылы қызметкерлердің сабаққа деген қызығушылықтарын бақылай аламыз. Сондай-ақ, дәріс өткізіп тұрған ұстаздардың да білім сапасын, сабақ беру әдіс-тәсілдерін бақылай аламыз. Жалпы, бұл ұстаздар, жетекшілер үшін жақсы тәсіл. Олар өздері өткізген дәрісті қайта қарап, келесі жолы нені түзетіп, нені қосу керектігін біліп отырады», - деді ол. 

IMG_1439.jpg

Бұдан бөлек, шара барысында халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Дәулет Рысқұлов академияның шетелмен байлынысты жұмыстарына тоқталды.

IMG_1553.jpg

«Академия шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Соның ішінде ТМД, ЕО елдерімен, ОБСЕ секілді халықаралық ұйымдармен өте тығыз байланыстамыз. Сондай-ақ, біздің оқу орнында олардың қатысуымен әр-түрлі шаралар өткізіледі. Біздің қызметкерлеріміз әлемдік деңгейде ұйымдастырылған конференция, шараларға тұрақты түрде қатысып тұрады. Сондай-ақ, Америка, Германия секілді мемлекеттердегі ғалымдармен жұмыс істейміз. Мәселен, Қылмыстық іс жүргізу процесі Германияның тәжірибесі бойынша жасалды. Сондай-ақ, қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру мақсатында оларды «Болашақ» бағдарламасымен оқуға жіберу көзделіп отыр»,- деді Дәулет Алмасұлы.

IMG_1543.jpg
Ал, жұмылдыру және кезекші бөлімінің басшысы Ерлан Дюсековтың  айтуы бойынша, спорт залда арнайы жаттықтырушы жұмыс істейді. Аптасына үш рет академияның қызметкерлері, білім алушылар аталған залда уақыттарын өткізеді.

Сондай-ақ, академия қызметкерлері калашников тапаншасын бөлшектеп, жинау тәсілдерін көрсетті.

Сонымен қатар, оқу орнының баспасөз қызметі өкілі академияның атқаратын қызметіне тоқталып, білім ордасының үш бағытта жұмыс істейтінін атап өтті.

«Академия үш бағытта жұмыс істейді. Біріншіден, құқық қорғау органдары қазметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру. Жалпы, ашылғалы бері оқу орнында 7024 қызметкер кәсіби біліктілігін арттырды. Бұл курста қатысушылар бір ай бойы академияда казармалық жағдайда тұрып, білім алады. Оқыту практикаға бағытталған. Ал, екінші бағыты бойынша, құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіріп, жүргізеді. Үйлестіру құзыретіне зерттеулердің тақырыбын таңдау, бекіту, олардың нәтижесін қадағалау кіреді. Жалпы, соңғы үш жылды 16 ғылыми зерттеу жұмысы аяқталды», - деді ол.

Сонымен бірге, оның айтуынша, үшінші бағыты негізінде ЖОО-дан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады. Академияның баспасөз қызметі өкіліне сүйенсек, оқу орны құрылғалы бері «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша құқық қорғау органдарының 118 қызметкері оқуды аяқтаған. Қазіргі таңда 109 магистрант пен докторант оқуын жалғастыруда.

Бұдан бөлек, академия базасында жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хаб жұмыс істейтінін атап өтті.

«Аталған Хаб қызметі аясында Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Грузия, КХР, Қырғызстан, Ресей, АҚШ және Өзбекстаннан 137 тренердің қатысуымен 50-ден астам тренинг өткізілді. Бұдан бөлек, айта кету керек, Орталық Азия мен Ауғанстаннан, Иран мен Пәкістаннан 1700 қызметкер оқытылды», - деді Асқар Ғалиаскаров.

Назерке Сүйіндік 

Фото: Артем Чурсинов 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды