- Басты
- «ҚТЖ» жұмысқа тұрғызғаны үшін пара алуды жоюға ниетті
«ҚТЖ» жұмысқа тұрғызғаны үшін пара алуды жоюға ниетті
Ұлттық тасымалдаушы персоналды ашық жалдау жөніндегі жаңа жобаны ендіруде. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында өткен брифинг барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденов мәлім етті.
Оның айтуынша, қызметкерлерді орталықтандырып іріктеуді қамтитын жұмысқа орналастырудың жаңа схемасы өңірлік басшылардың ізденушілерді қызметке тартып және сол үшін ақша алу мүмкіндігін болдырмайды.
«Біз сыбайлас жемқорлық қаупінің туындауына ықпал ететін барлық негізгі факторларды талдадық. Соның бірі – бос орындар туралы ақпараттың қолжетімсіздігі. Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерге ие болмағандықтан, жұмысқа орналасуға ниеттілер түрлі арналарды іздеген. Қазір Компанияда кадр саласында сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған толыққанды кешенді антикризистік шаралар қабылданды», - деді С. Әбденов.
Спикер атап өткендей, жаңа жүйе бойынша мамандықтары бойынша 656 адам жұмысқа орналастырылды, соның 371 үміткері сырттан қабылданғандар және 285-і – ішкі.
Компанияның кадрлық блогы заңбұзушылықтың нақты себеп-салдарларын жою тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Брифинг барысында өңірлердегі кадрлық шешімдер кезінде ашық емес, күдікті іс-әрекеттер туралы фактілерге, егер бұл жайындағы хабар әлеуметтік желі немесе coll-орталық арқылы орталық аппаратқа түскен болса, онда Компания басшылығы міндетті түрде шара қабылдайтындығы атап өтілді.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өкілдерінің сөзіне қарағанда, соңғы екі жылда теміржол тасымалы саласында соның басым бөлігі парамен байланысты 65 сыбайлас жемқорлықтық іс-әрекет анықталып отыр.
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді
-
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары
-
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады
-
Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмайды
-
Кибер жаттығу кезінде қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет
-
BAQ.KZ ақпарат агенттігінің құрылғанына 10 жыл
-
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай
-
«Меморгандардан ақпарат алу қиын, бюджет қаражаты туралы мәлімет қолжетімсіз». Журналистер назы
-
Бір адамның ақпараты бүкіл елді адастыруы мүмкін – Аида Балаева
-
Су тасқынын алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынды
-
Жастар үшін мүмкіндік: «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ерекшеліктері

