• Басты
  • Туризм индустриясы- жаһандық әлемдегі басты сала – А.Мамин
10 Қазан, 2019 11:29

Туризм индустриясы- жаһандық әлемдегі басты сала – А.Мамин

Нұр-Сұлтанда «Ақылды қалалар және ақылды бағыттар» бойынша UNWTO-ның қалалық туризм бойынша 8-ші жаһандық саммиті өтіп жатыр. 80-ге жуық елден жиналған сарапшылар мен қала басшылықтары ақылды қалаларды дамыту, туризм саласын әлгерілендіру мәселелерін талқылауда, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


    Туризм индустриясы- жаһандық әлемдегі басты сала – А.Мамин

Саммиті ашқан ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин туризм индустриясы жаһандық әлемдегі басты сала болып таьбылатынын айтты.

«Бүгінгі саммит осы саланың дамуына тамаша серпін береді. Туризм жалпы ішкі өнімнің 10 пайызын, жалпы индустрияның 5 пайызын құрап отыр. Осының барлығына қарамастан жаһандық нарықта туризм индустриясы өте қарқынды дамып келе жатыр. UNWTO-ның есебі бойынша туризм индустриясының өсуі кейінгі 10 жылда өте қарқынды болып, өте жақсы дамып келе жатыр. Сондай-ақ, туризм индустриясы жаһандық күн тәртібі үшін де өте маңызды болып табылады. Әсіресе, орнықты дамуға қатысты», - деді Асқар Мамин.

мамин1.jpg

Сондай-ақ, Премьер-Министр соңғы 10 жылда туристердің саны ұлғайғанын атап өтті.

«Әлем елдерінің экономикасы мен туризмді дамытып жатқан елдер үшін өте маңызды. Сонымен қатар, кейінгі жылдары туризм қалалардың да орнықты дамуына көмектсеіп жатқанын көріп отырмыз. Бізде өршіл мақсаттарымыз көп. Әрі қарай туристік әлеуетімізді дамытатын боламыз. Халықаралық компаниялар мен ұйымдарды туризмді ілгерілету үшін дамытамыз. Осыған орай біз арнайы стратегияены да әзірледік. Ол 2019-2025 жылдарға шақталған. Ол бағдарламаға сәйкес, жалпы ішкі өнімге шаққанда туризм саласын дамытатын боламыз. Туризм өзінің ерекше үлесін экономиканың дамуына қосуы қажет деген ойдамын. Қаржыландыру да өте маңызды. Ішкі секторға қатысты қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Осы салада өте үлкен бәсекелестік жүріп жатқанына куә болып отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар, Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласы бәсекеге қабілетті, тартымды 50 қаланың құрамына кірсе деген тұжырымдар бар екенін атап өтті.

«Әртүрлі тегеуріндер бар екенін де білеміз. Алайда, біз Нұр-Сұлтан қаласын басты қала ретінде дамытамыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласын дамуына үлес қосқан болатын. Ол экономикалық қана емес, туристік қала ретінде дамуына әлі де жұмыс істеуді жалғастыруда. Инвестиция ауқымы 3 трлн теңгені құраған болатын. Сондай-ақ, біз заңнамалық базаны дамытып жатырмыз. Елорда ақылды технологияларды дамытудың басты көрсеткіші болып отыр. «Smart-Astana» қаланың қарқынды дамып жатқанын айқындатып отыр. Денсаулық сақтау, көлік-инфрақұрылым саласы мен жергілікті туризмді дамыту жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Сонымен қатар, қала бизнес үшін де тартымды. Туризмді индустрияның басым бөлігі ретінде дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Нұр–Сұлтан қаласының танымал, беделді болуы үшін шаралар өткізетін боламыз», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, Асқар Мамин тұрақты дамуға қол жеткізу үшін туризмді қарқынды дамыту қажеттігін айтты.

«Бүгінгі іс-шарамыз бұл мәселелерді талқылайтын тиімді алаң болып отыр. Меніңше, туризм тұрақты дамуға серпін береді. Технологиялар біздің алдымызға қойған мақсатарға мүмкіндік береді», - деді А.Мамин.

Өз кезегінде UNWTO-ның бас хатшысы Зураб Пололикашвили 20 жыл бұрын дәл осы жерде картоп өсірілсе, қазір дамыған, әсем қалада саммит өткізіліп отырғанын айтып өтті.

гур.jpg

«Бұл саммиті осы қалада өткізудің басты бір себептердің бірі осы. Біз қарастыратын көптеген өзектә мәселелер бар. Сондықтан да , осы жердегі алаңда кездесуіміз өте тиімді деп ойлаймын. Шараға 75 елден өкілдер келіп отыр. Ақпарат, тәжірибе алмасуға тиімді орта болып отыр. Туризмді қалай дамыту қажеттігі турасында пікір алмасып, талқылайтын боламыз. Қазақстан халқының ашықтығы туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Әлем қалаларының астаналары арқылы елде қандай шаралар жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Соңғы жылдары Орталық Азияда Қазақстан көшбасшылық рөлімен ерекшеленіп отыр. Қазақстанда керемет өрлеу, алға жылжу болады деп ойлаймын. Нұр-Сұлтан қаласы ақылды қала ретінде де дамып жатыр, өзге әлем елдеріне үлгі бола алатындай. Нұр-Сұлтан ақылды қала ретінде маңызды хабқа айналады деп сенемін», - деді Зураб Пололикашвили.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов осы сынды сала Орталық Азияда алғаш рет Қазақстанда өтіп отырғаны үлкен мәртебе екенін атап өтті.

алтай.jpg

«Эстафетаны Нұр-Сұлтан қаласы алып отыр. Өткен жылы бұл саммит Сеул (Оңтүстік Корея) қаласында өткен болатын. Осыған дейін аталған шара Барселона, Стамбул, Мәскеу сынды әлемдік астаналарда өткен болатын. Қазақстьанның елордасы өте қарқынды дамып жатыр. 21 жылда елорданың аумағы 3 есе өскен болатын. Халқы 300 мыңнан 1 млн адамға жетті. Сондай-аұқ, Нұр-Сұлтан - жастар қаласы. Шамамен, 700 мың тұрғын 35 жасқа дейінгі адамдар. Қарап отырсақ, әкімшілік қаладан іскер қалаға айналып жатыр. Туристерге тардымды болып жатыр. Қаланың 60 пайызы кәсіпкерлер болып табылады», - деді ол.

Сонымен қатар, қала басшысы өзге қалалардан келген мэрлерді көргеніне қуанышты екенін жеткізді.

«Туризм саласындағы сарапшылар мен мамандар жиналып отыр. Олар тәжірибелерімен бөліспекші. Жалпы, адамзаттың дамуындағы қалалардың маңызы туралы талқылайтын боламыз. Қалалар жайлы әрі қауіпсіз болы тиіс. Осы бағытта біз де жұмыс істеп жатырмыз. Алдыңғы қатарлы Еуропа қалалары сынды ақылды қала ретінде Нұр-Сұлтан қаласын дамытып жатырмыз», - деді А.Көлгінов.

Сонымен қатар, қала әкімі елордада қалалыұтардың өмір сүруін жеңілдетуге қатысты жүпргізіліп жатқан бастамалар мен іс-шараларды айтып өтті.

«Туристердің де біздің қалада өздерін жайлы сезінулеріне жағдай жасап жатырмыз. 57 елдің резиденттері Қазақстанға визасыз келе алады. Жуырда еркіндіктің 5-ші деңгейін енгізетін боламыз. Елордамызды әлемнің қалаларымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігімен бірігіп қонақжайлық институтын ашатын боламыз.Бұл білікті мамандар мен туристердің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Біз жаңа идеяларға ашқпыз», - деді А.Көлгінов.

 Айта кетейік, UNWTO 1970 жылы ресми туристік ұйымдардың  одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік туризм ұйымы мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туризм ұйымының мақсаты — экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. 

Аягөз Құрмаш


 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды