• Басты
  • Қ.Тоқаевтың Ұлттық кеңес отырысындағы 10 бастамасы
20 Желтоқсан, 2019 17:06

Қ.Тоқаевтың Ұлттық кеңес отырысындағы 10 бастамасы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басты міндет – елдің экономикалық және саяси мәселелері бойынша жүйелі, ұзақмерзімді,тиімді шаралар қабылдау екенін айтты. Назарларыңызға отырыста Президент ұсынған басты бастамаларды ұсынамыз.
 Қ.Тоқаевтың Ұлттық кеңес отырысындағы  10 бастамасы

1. Көкейтесті мәселенің бірі – Жер және оны тиімді пайдалануға қатысты.

Бұл бағытта, менің ұстанымым – бекем: Жерді игере алатын адам ғана оның иесі болуға лайық.

Ауыл шаруашлығы мен Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп 2020 жылдың 1 мамырына дейін бірқатар облыста жерді ғарыштық бақылау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды тапсырамын.

Жерді тиімді қолдану бойынша реттеуді күшейту керек. Жер пайдаланылмай тұрған жағдайда базалық салықтық ставкаларды 10-нан 20 есеге арттыру қажет.

Сонымен бірге, жерді сот арқылы алып қоюдың тиімді және жедел тетіктерін қарастыру маңызды.

Игерілмей жатқан жер телімін қайтарып алу кезінде істі созбалаңға салудың түрлі амал-айласы, өкінішке қарай, орын алатыны болды.

Осындай жағдайда жерді ешкім пайдалана алмай, бос қалады.

Үкімет тиісті құқықтық актілерді жедел қабылдап, игерілмей, бос жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу шараларын қолға алуы тиіс.

2.Мемлекеттік құрылымдардың ашықтығы мен есептілігі

Бюджеттік қаржыны жұмсаудың орындылығы мен ашықтығы.

Қаржылық бақылаудың жоғарғы органы - Есеп комитеті. Бүгінге дейін оның жұмысы кеңінен қоғамға насихатталған жоқ. Сондықтан да, келер жылдың қаңтарынан бастап Есеп комитеті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аудиті бойынша негізгі қорытындыларды жариялайтын болады.

 3.Келесі мәселе – ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығы.

Бұл біздің кәсіпкерлеріміз бен азаматтарымызды алаңдатып отырған мәселе.

Менің тапсырмам бойынша Ұлттық банк бағам саясатының ашықтығын, сол арқылы оған халықтың сенімін арттыратын тетіктерді әзірледі.

Ұлттық Банк 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық Қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын ай сайын және тоқсан сайын жариялап отыруы тиіс.

Сонымен бірге, айырбас кестесі де жарияланады.

Ақша-несие саясатының стратегиясы қабылданады.

Менің Жолдауымда айтылғандай, микро және шағын бизнес табыс салығынан 3 жылға дейін босатылады.

Оларды тексеруге дәл осындай мерзімге мораторий жарияланды.

Мемлекет тарапынан қабылданған шараларға қарамастан, көлеңкелі экономика мәселесі шешімін таппай отыр.

Жалған фирмалар ашып, ақша жымқырудың сан түрлі тәсілдері жойылар емес.

Шын мәнінде, бұған қарсы тиімді күресе алмай келеміз.

Құзырлы органдар көбіне тиісті шараларды дер кезінде қолданбай отыр.

Соның салдарынан кінәсіз кәсіпкерлер де зардап шегеді.

Ал, нағыз ұйымдастырушылар жауапкершіліктен құтылып кетеді.

Сондықтан, заңсыз айналымға қарсы күрес шараларын күшейтіп қана қоймай, бұл істе тың серпіліс жасау керек.

Кеңес мүшелері осы жұмысқа бизнес өкілдерін жұмылдыруды ұсынды.

Өздерінің ықтимал контрагенттерін бағалау және тексеру үшін оларға тиімді құрал беру қажеттігі айтылды.

4. Цифрлық қызметтердің сапасы

Атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетіктеріне айтарлықтай түзетулер енгізіледі.

Еңбек етуге ынталандырудың жаңа тәсілдеріне баса мән беріліп, Атаулы әлеуметтік көмекті асыра пайдалану барынша азаяды.

Сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік-патронаттық қолдауды күшейту керек деп санаймын.

Білім алуға, жұмысқа орналасуға, тұрғын-үй мәселесін шешуге арналған негізгі талаптар баршаға түсінікті болуы қажет.

Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бұл мәселені шешуге бизнес өкілдері мен мемлекеттік компанияларды тартуда.

Осы тәжірибені басқа да өңірлерге тарату керек.

5. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін енгізу қажет.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне жүгінсек, Еліміздегі 106 мың мүмкіндігі шектеулі адамның 25 пайызы ғана жұмыспен қамтылған.

Жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиіс. Үкіметке осы міндеттің орындалу барысын қадағалауды тапсырамын.

Орындамаған жағдайда өтемақы төлеу мәселесін қарастыру керек.

Барлық аймақтарда Еңбекпен қамту және әлеуметтік оңалту орталықтары жұмыс істеуі тиіс.

Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында мұндай орталықтар жоқ.

Бұл – үлкен кемшілік, сондықтан ондай орталықтарды қалайда ашуды тапсырамын.

Осы жұмысты мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі арқылы іске асыруға болады.

Сондай-ақ, жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі адамдарға оңалту көмегін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы есебінен беру мәселесін қарастыруды ұсынамын.

Тағы бір маңызды мәселе – зейнетақы жүйесін жаңғырту.

Жұмыс берушілердің міндетті
5 пайыздық зейнетақы жарнасын төлеуге қатысты дау-дамай басылар емес.

Мұны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастау көзделген болатын, алайда әлі күнге дейін баршаға ортақ ұстаным жоқ.

Сондықтан, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу мерзімі кейінге (2023 жылға) шегерілді.

Мен бұған егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ қояйын.

Бұл мәселе Ұлттық кеңес мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық саладағы басқа да көптеген ұсыныстары сияқты Президент Жолдауының аясында қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр.

   6.Латын қарпіне көшу

Жеке кездесулер барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты жұмыстар жасалуда.

Солардың көпшілігіне қатысты оң шешім қабылданды және барлығы Ұлттық кеңес хатшылығының бақылауына алынды.

Әлеуметтік саладағы жұмыстармен қатар, саяси жүйені реформалау және жаңғыру мәселесі көпшіліктің назарында.

Билік бұған қатысты сындарлы диалог орнатуға мүдделі.

Осы орайда, біз Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарынан бөлек, мемлекет тарапынан да тың бастамалар көтеріп жатырмыз.

Барлық ұсыныстарды талқылай отырып, ортақ пайымға келеміз деп сенемін.

Ең бастысы, реформалар елді дүрбелеңге салатын емес, тұрақты дамуға бастайтын қадам болуы шарт.

7. Митингтер туралы

ҚР Конституциясына сай митингтердің өтуін хабарламалы түрде реттеу қажет.

Митингтер ешбір заңға қарама-қайшы келмесе, рұқсат беруге болады. Олар азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпке кедергі келтірмесе, әрине. Бұл менің ұстанымым. Біз оны заңнамалы түрде бекітетін боламыз.

8. Саяси партия құру үшін тіркеу кедергілерін азайту.

Қазір саяси партияны тіркеу үшін оның кем дегенде 40 мың мүшесі болуы керек.

Бұл норма ұзақ уақыттан бері сақталып келеді және өткен кезеңнің талабына сай болды.

Енді жаңа саяси жағдайда, бір жағынан, азаматтардың талап-тілектеріне, екінші жағынан, ықтимал тәуекелдерге лайықты үн қатуымыз қажет.

Біздің қоғам партия құрылысының жаңа сапалық кезеңіне өтетіндей дәрежеге жетті.

Сондықтан, тіркеу үшін партия мүшелері санының төменгі шегін екі есеге азайтуды ұсынамын, яғни 20 мыңға дейін. Бұл – айтарлықтай маңызды өзгеріс.

Ол азаматтық белсенділікті арттыруға қосымша мүмкіндік береді. Жалпы, біз партияларға және сайлауға қатысты Заңдарды бірте-бірте өзгертуіміз керек.

9. Бізге парламенттік оппозиция институты қажет.

Біз жаңа қоғамдық парадигманың басты шарты – балама көзқарастар мен пікірлер екенін түсінуіміз керек.

Соңғы жылдары өз ұстанымдарын ашық білдіріп жүрген белсенді азаматтар бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге атсалысты.

Біз балама пікірлер мен қоғамдық талқылау тоқыраудың бастауы емес, керісінше, дамудың басты талаптарының бірі екеніне көз жеткіздік.

Сондықтан, Парламенттегі саяси азшылықтың негізін заң жүзінде бекіту қажет.

Бұл үшін «Парламент туралы» заңды саяси азшылыққа кепілдік беретін нормалармен толықтыру қажет.

Мысалы, басқа да партиялардың өкілдері Парламенттегі кейбір комитеттердің төрағасы лауазымдарын иелене алатындай жағдай жасау керек.

Бұл биліктің заң шығару тармағындағы баламалы қызметтің жүйелі жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

10. Жала жабу туралы Қылмыстық кодекстің 130 бабын Әкімшілік кодекске ауыстыру қажет.

 Билік мемлекетіміздің дамуына, болашағына пайдасы тиетін кез келген оң өзгерістерге дайын.

Ұлттық кеңес осындай жұмыста маңызды рөл атқаруы керек.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды