• Басты
  • Қ.Тоқаев Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді
22 Қараша, 2019 14:39

Қ.Тоқаев Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президенті Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 Қ.Тоқаев Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Екіжақты келіссөздердің алдында «Ақорда» резиденциясында Швейцария Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Құрметті қарауыл ротасының бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары Құрметті қарауылды аралап өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізу үшін резиденцияның «Шығыс залына» барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияны Қазақстанның Еуропадағы ең маңызды әріптестерінің бірі санайтынын айтты.

«Мемлекеттеріміз арасында барлық сала бойынша, әсіресе экономика бағытында тату ынтымақтастық орнаған. Швейцария Қазақстан экономикасындағы маңызды инвесторлардың және негізгі сауда серіктестерінің бірі», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Швейцария Президентімен бірге бизнес-делегация өкілдігінің де келуі осы сапардың маңызын арттыра түсетінін атап айтты.

Ули Маурер Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанды өз елінің аса маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын жеткізді.

«Біз саяси қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен ризашылық білдіреміз. Біздің мақсат-мұраттарымыз ортақ. Ал экономикалық байланыстарымызға келер болсақ, соңғы жылдары бұл саланың даму қарқыны артып келеді. Біздің өзара сапар алмасуымыз қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деп ойлаймын», – деді Швейцария Президенті.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды