• Басты
  • Қ.Тоқаев Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барды
19 Қараша, 2019 15:19

Қ.Тоқаев Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барды


Мемлекет басшысы «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев ота жасайтын және реанимация бөлімдерін аралап көріп, медициналық мекеменің ұжымымен әңгімелесті.

Президентке институт жұмысының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, медицина мекемесінің ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды.

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты – медицинаның аталған саласы бойынша озық технологияларды әзірлеумен, жетілдірумен және енгізумен айналысатын Қазақстандағы бірден-бір ғылыми-клиникалық және білім беру орталығы. Мұнда күн сайын 50-ден астам, ал бір жылда 8 мыңнан аса ота жасалады. Бүгінде медициналық орталықта 385 емделушіге арналған 14 клиникалық бөлімше жұмыс істейді. Осы бөлімшелердің негізінде буындарға эндопротез жасау, артроскопия және спорттық жарақаттарды емдеу, омыртқа патологиясын түзету сияқты 3 республикалық орталық ашылған.

Мекеме қызметкерлерімен кездесу барысында Мемлекет басшысы ғылыми-зерттеу институты жанынан қосымша 23,2 мың шаршы метрлік медициналық корпус салуға шешім қабылдағанын айтты. Президенттің пікірінше, ғылыми-зерттеу институтының ескірген ғимараттары заман талабына сай келмейді.

« 2021 жылы бұл жерде жаңа ғимарат бой көтереді. Тиісті қаражат бөлінеді. Құрылыс жұмыстарына 26 миллиард теңге қажет. Мұның қомақты сома болғанына қарамастан, Үкіметке тиісті тапсырма беремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа корпуста 6 ота жасайтын зал, 300 орындық оңалту орталығы, оқу бөлімдері, сондай-ақ, медициналық бұйымдар шығаратын шағын зауыт болады. Ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету көлемі 45 пайызға артады.

Институт ұжымы Президентке мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің игілікті еңбегін жоғары бағалап, оларға табыс тіледі.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды