• Басты
  • Мемлекет басшысы Талғат Қалиевті қабылдады
10 Наурыз, 2020 18:08

Мемлекет басшысы Талғат Қалиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Талғат Қалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 


Мемлекет басшысы Талғат Қалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы ауған процесін реттеу жұмыстарын жандандыруды ескере отырып, Ауғанстан бойынша Арнайы өкілдің тиімді қызметінің маңыздылығын атап өтті. Президенттің пікірінше, аталған елде берік бейбітшілік орнату мәселесі Қазақстанның ұзақ мерзімді ұлттық мүддесімен сай келеді. Сонымен қатар Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.

« АҚШ пен «Талибан» қозғалысы өкілдерінің арасындағы келісімнен кейін Ауғанстанға қатысты геосаяси жағдай жаңа кезеңге аяқ басты. Ауғанстан мен оның төңірегіндегі қазіргі үрдістердің қарқынын жіті бақылап, бұл елдегі ұлттық келісім мен қайта қалпына келтіру процесіне көмектесу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Арнайы өкілге ауған проблемасы бойынша екіжақты форматта және көпжақты келіссөздер механизмдері аясында шет елдік серіктестіктермен бірлесе отырып, тығыз жұмыс істеуді тапсырды. Бұл терроризм, экстремизм, заңсыз миграция және есірткі тасымалы сияқты қауіп-қатерлерге қарсы күрес тұрғысынан алғанда да маңызды саналады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ауған бағытындағы сауда-экономикалық мақсаттарын мейлінше белсенді түрде іске асыру керек екенін атап айтты.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды