• Басты
  • Қ.Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті
11 Қазан, 2019 14:58

Қ.Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сенім мен ашықтыққа құрылған саяси түсіністіктің жоғары екенін атап айтты.

Қазақстан Президенті түрікмен көшбасшысына қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдіріп, оның қазақ-түрікмен қарым-қатынасына қосқан үлесіне тоқталды.

« Киелі түрікмен жеріне табаным тиген алғашқы сәттерден бастап маған көрсеткен құрметіңізге ризамын. Өзінің әсемдігімен көз тартатын Ашхабад қаласына тағы келгеніме қуаныштымын. Менімен бірге үлкен делегация келді. Біздің көптеген перспективалы жобаларымыз бар. Елдеріміз арасындағы әріптестік өте жоғары деңгейде дамып келеді деп ойлаймын. Бұл тұрғыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен өзіңіздің үлестеріңіз зор»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекеттер басшылары екіжақты кездесудің күн тәртібіндегі аймақтағы жағдай, әртүрлі халықаралық формат шеңберіндегі өзара іс-қимылдар секілді ауқымды мәселелер талқылады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды