Қ.Тоқаев ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына көңіл айтты

27 Желтоқсан, 2019 10:29

Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатынан қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Президент зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін, апаттың себебін анықтау үшін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылғанын атап көрсетті. Сонымен қатар кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан 2100 рейсімен шыққан Бек Эйр әуекомпаниясының ұшағы Қызыл ту ауылына құлады. Бортта 95 жолаушы, экипаждың 5 мүшесі болған. Қаза тапқандар саны 12, зардап шеккендер – 27. Зардап шеккендерді Алматы қаласы №4 ауруханасына апарса, балаларды Алматы қаласы №1 ауруханасына апарған.

Оқиға орнында 976  адам, 33 жедел жәрдем бригадасы және өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. 

Барлық жаңалықтар