• Басты
  • Қ.Тоқаев Радек Вондрачекпен кездесті
17 Қазан, 2019 17:02

Қ.Тоқаев Радек Вондрачекпен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев Радек Вондрачекпен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, Қазақстан – Еуропалық одақ, Орталық Азия – Еуропалық одақ және Орталық Азия – Вышеград төрттігі (Чехия, Польша, Венгрия и Словакия) сияқты көпжақты форматтағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы  Р. Вондрачекті Барқыт төңкерісінің 30 жылдығымен, Чехияның НАТО-ға кіруінің 20 жылдығымен және алдағы Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Президент Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі Чехиямен өзара байланыстарды одан әрі дамыту бағдарының мызғымастығын атап өтті.

«Елдеріміздің парламенттері арасындағы өзара іс-қимылдарды нығайту тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін сіздің сапарыңыздың маңызы зор», – деді Мемлекет басшысы.

Чех саясаткері қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалады.

«Чех Республикасының өкілі ретінде елдеріміз арасында достық және дәстүрлі ынтымақтастық рухында дамып келе жатқан өте тығыз әрі терең қатынастарды растауға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын», – деді  Радек Вондрачек.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды