- Басты
- Қ.Тоқаев пен С.Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді
Қ.Тоқаев пен С.Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентін «Ала-Арча» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков Құрмет қарауылын аралап өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін «Ақсақалдар» залында шағын құрамдағы келіссөздер өтті.
Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы, сондай-ақ, халықаралық құрылымдар аясындағы көптеген мәселелерді қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, оның қазақ-қырғыз ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.
Қазақстан Президенті өзінің Бішкекке жасаған мемлекеттік сапарына зор мән беретінін атап өтіп, екі бауырлас халық арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екенін айтты.
Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президентінің сапары екі ел қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті 2020 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
-
Қазақстан Беларусь авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді
Қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді.
03 Желтоқсан 2019, 16:14
-
Елордада Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің төрағалығымен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтті.
29 Қараша 2019, 12:08
-
Тоқаев қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі
Осы аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік іс-сапармен барып, қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі. Бұл туралы баспасөз мәжілісінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 18:03
-
Қ.Тоқаев Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президенті Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
22 Қараша 2019, 14:39
-
Ташкент пен Түркістан ынтымақтастық меморандумға қол қойды
Екі жақты келісім Өзбекстанда 21 және 22 –ші қараша күндері өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында жасалынды.
21 Қараша 2019, 18:16
-
Қазақстан мен БАӘ авиациялық келіссөздер жүргізді
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ашық аспан" режимінде Қазақстанға жаңа әуе компанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
15 Қараша 2019, 12:05
-
А.Мамин Р.Ердоғанмен келіссөздер жүргізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркия Республикасына (ТР) жұмыс сапары аясында Президент Режеп Ердоғанмен және Вице-Президент Фуат Октаймен келіссөздер жүргізді, Қазақстан–Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының ХІ отырысына, екіжақты бизнес-форумның ашылуына және түрік бизнесінің капитандарымен кездесуге қатысты.
12 Қараша 2019, 09:23
-
Д.Абаев: Мәдениет пен білім саласындағы телеарналарды мемлекет қолдауы тиіс
Мәдениет пен білім саласындағы телеарналарды мемлекет қолдауы тиіс. Бұл туралы елордадағы "Нұр Отан" партиясы алаңында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтарды қабылдап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
08 Қараша 2019, 14:57
-
Қ.Тоқаев пен В.Путин Омбыда кездеседі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Омбыда кездеседі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
05 Қараша 2019, 15:15
-
Ұлы Дала көшпенділерінің көрмесі Афинада өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
04 Қараша 2019, 15:18
-
А.Сайтбеков: Халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көштік
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында "Құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты бүгінгі полиция азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналуы тиіс" екенін атап өтті. Жолдаудың осындай негізгі міндеттерін жүзеге асыру үшін көлік полицейлері бірқатар іс-шара өткізуді қолға алды. Соның бірі елордада өтіп жатқан "Мен полицей боламын!" форумы. Форумға қатысып, алғашқылардың бірі боп сөз алған ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сайтбеков Айдар халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көшкендігі жөнінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қазан 2019, 12:24
-
Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко бірлескен мәлімдеме жасады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александар Лукашенко екіжақты ынтымақтастықты сапалы деңгейге шығаару бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшылары БАҚ алдында бірлескен мәлімдеме жасады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
25 Қазан 2019, 13:36
-
Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко екі ел арасындағы экономикалық мәселелерді талқылады
Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко кездесті. Президенттің резиденциясында Қазақстан Президенті Беларусь Президентін қарсы алған соң, шағын құрамда кездесу өткізді.
25 Қазан 2019, 11:11
-
Қ.Тоқаев Радек Вондрачекпен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
17 Қазан 2019, 17:02
-
Н.Нығматулин Парламентаралық одақтың Төрағасымен келіссөздер жүргізді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербияда өтіп жатқан Парламентаралық Одақ Ассамблеясының (ПАО)141-ші отырысы аясында беделді халықаралық ұйымның төрағасы Габриэла Куэвас Барронмен кездесті.
14 Қазан 2019, 11:20
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды