• Басты
  • Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко екі ел арасындағы экономикалық мәселелерді талқылады
25 Қазан, 2019 11:11

Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко екі ел арасындағы экономикалық мәселелерді талқылады

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко кездесті. Президенттің резиденциясында Қазақстан Президенті Беларусь Президентін қарсы алған соң, шағын құрамда кездесу өткізді. 
Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко екі ел арасындағы экономикалық мәселелерді  талқылады

Қазақстан Президенті шағын құрамда бірқатар өзекті мәселелер талқыланғанын айтты.

«Бізді достықтың, ынтымақтастың дәстүрі байланыстырады. Біздің елдеріміз бір-бірін жақын тартады. Бұл тарихтан айқын болып келеді. Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың осы сапары мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың барлық сұрақтарын талқылауға жақсы мүмкіндік және қажет болған жағдайда бұған қосымша серпін беру. Жаңа негізгі проблемалық мәселелерді талқыладық. Ең жақын елдер болса да, өзара қарым-қатынас барысында түрлі сауалдар шығып қалады. Олар талқылауды, нақтылауды, ең бастысы шешімін күтеді. Басталған келіссөздердің нәтижесінде біз өте маңызды келісімдерге қол қойып, жақын болашақта іске асыра аламыз деген үміттенемін, сенімдемін. Біз елдеріміз арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға, гуманитарлық саладағы қарым-қатынасымызды нығайтуға, халықаралық аренада халықаралық ұйымдардағы өзара белсенді әрекеттестігімізді арттыруға мүдделіміз. Сондықтан бүгін біз келісімге қол қоямыз, сонымен қатар ортақ мәлімдеме жасаймыз. Меніңше бұл біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды қадам болады», - деді Қ.Тоқаев.

Өз кезегінде Беларусь Президенті Алекандр Лукашенко қазақ елі жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдірді.

«Қазақстан мен Беларусьтің қарым-қаатынасы бүгінде елдердің стратегиялық қызығушылық деңгейіне жауап береді. Бұл көпжылдық,тынымсыз еңбектің нәтижесі. Сондай-ақ, ол болашаққа нақты жоспар құруға мүмкіндік береді. Минск пен Нұр-Сұлтан барлық деңгейде оңтайлы қарым-қатынас орнатты. Сенім деңгейі кез келген мәселені ашық деңгейде талқылауға жетті. Ынтымақтастықты дамыту үшін басымдылықтар мен әлеуметтік-экономикалық даму ұқсастықтары, экономиканың шынайы секторын нығайту жұмыс істейді», - деді А.Лукашенко.

Сондай-ақ, Беларусь Президенті шағын құрамда экономимкалық салада диалогты кеңейту мәселесі талқыланғанын жеткізді.

«Бүгінде біз шағын құрамда экономикалық салада ынтымақтастықты күшейту туралы келістік. Себебі, бізде әскери және дипломатиялық сала бойынша ешқандай сұрақ жоқ. Президент айтқандай, халықаралық күн тәртібіндегі негізгі проблемалық мәселелерге біздің көзқарастарымыз ұқсас. Қазақстан- біздің негізгі сауда әріптесіміз. 3 жылда сауда айналымын екі есеге артырдық. 2018 жылы айналым 900 млн долларға жетті. Біз елдер арасында сауда айналымын млрд деңгейіне жеткізуге ниеттіміз. Беларусь тарапына қарай сауданың  теңгерімсіздігі байқалады. Алайда, соңғы жылдары Қазақстаннан Беларусьқа импорт 45 пайызға айтарлықтай өсті. Осы қарқынды сақтай білсек, саудадағы балансты орнықтырамыз. 8 айдың қорытындысы бойынша біздің елге келген көлем 1,5 есеге артты. Бұл - бірлескен жұмыстың нәтижесі. Қазақстандық тараптың үйлестіріліген саудасын орнату ұсынысын қолдаймыз. Бүгін біздің Үкімет мүшелері жасаған баяндамаларынан екіжақты күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша келісім орнатылған. Біз бүгінде бірлескен кәсіпорын құру мен өнім шығару жұмыс істеуге әзірміз», - деді А. Лукашенко.

Айта кетейік, Президентиер бірлескен құжаттарға қол қояды деп күтілуде.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды