• Басты
  • Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко бірлескен мәлімдеме жасады
25 Қазан, 2019 13:36

Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александар Лукашенко   екіжақты ынтымақтастықты сапалы деңгейге шығаару бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшылары БАҚ алдында бірлескен мәлімдеме жасады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко бірлескен мәлімдеме жасады

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Беларусь Республикасының ішкі істер министрі Ю.Караев Үкіметтер арасындағы көші-қон саласына ынтымақтастық мәселесіне қатысты келісімге қол қойды.

ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов мен Беларусь Тергеу комитетінің төрағасы И. Носкевич ішкі істер мәселелерінде келісімге қол қойды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Макей жедел-техникалық , ақпараттық өзара іс-қимыл жасау келісіміне қол қойды.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрі В.Макей саяси 2020 – 2021 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев пен Беларусь Республикасының Мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы А.Гаев мемлекеттік мүлікті тіркеу туралы келісімге қол қойды.

ҚР Цифрлық даму Асқар Жұмағалиев пен Беларусь Ұлттық ғылым академиясының төрағасы Владимир Высоков қашықтықтан зонттау бойынша келісімге қол қойды.

Екі ел президенттері келісімдер нәтижесінде баспасөз алдында бәрлескен мәлімдеме жасады.

«Ең алдымен, президент Александр Лукашенкоға және Беларусь делегациясына елімізге ресми сапармен келгені үшін зор ризашылығымды білдіремін. Елдеріміздің қазіргі қарым-қатынасы өзара мемлекетаралық ықпалдастар арасында табысты әрі тиімді дамып келе жатыр. Оның негізін Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы және Беларусь Республикасының президенті қалады. Сондықтан бұл сапарды Қазақстан мен Беларусь арасындағы жемісті стратегиялық серіктестіктің жалғасы деп санаймын. Қазақстан Республикасының ежелгі досы болып саналатын Александр Лукашенко тағы да елімізге қош келдіңіз деймін. Біздің қонағымыз – ТМД кеңістігінде ең тәжірибелі саясаткерлердің бірі. Оған мемлекет басшылары, Қазақстанды қоса алғанда зор құрметпен қарайды. Бұл біздің үшінші ресми кездесуіміз. Өзара ынтымақтастықты тереңдетуге және дамытуға деген өзара ұмтылысымыздың дәлелі», - деп бастады мәлімдемесін Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанда Беларусь капиталының қатысуымен 340-қа жуық кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен қатар, президент екі елдің үкіметтері екіжақты жеткізілетін тауарлардың санын арттыру мәселесін пысықтауы тиіс екенін айтты.

« Біз бүгін шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргіздік. Екіжақты өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылап, өзара байланысымыздың бірқатар маңызды бағыты бойынша ортақ пікірге келдік. Ең алдымен, сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқыладық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 800 млн долларды құрады. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ жеткілікті емес. Сондықтан бұл жұмыс келешекте де жалғасын табады деп үміттенемін. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың зор мүмкіндіктерін пайдаланып, қазіргі көрсеткіштерімізді одан әрі арттыруымыз керек. Үкіметтеріміз екі елге жеткізілетін тауарлардың санын көбейту, өзара сауда-саттықты ұлғайту мәселелерін пысықтауы тиіс. Бір-бірімізге қолайлы жағдай жасаудың маңызы зор. Осыған орай арнайы ұзақмерзімді жоспарды қабылдаймыз деп уағдаластық. Келіссөздер барысында өндірістік ықпалдастығымызды күшейтуге баса назар аудардық. Қазіргі уақытта Қазақстанда Беларусь капиталының қатысуымен 340-қа жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Осы ретте 8 бірлескен кәсіпорын ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы техникасын шығарумен айналысады. Біз осы компаниялардың тиімді жұмыс істеуіне қатысты мәселелерді жан-жақты талқыладық», - деді Президент.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Беларусь ауыл шаруашылығы және әскери техникалық ынтымақтастық салалары бойынша қосымша бірлескен 2-3 жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде келісімге қолған.

   «Ауыл шаруашылығы және әскери техникалық ынтымақтастық салалары бойынша қосымша бірлескен 2-3 жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде келісімге қол жеткіздік. Кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақ-Беларусь бизнес форумы іскерлік байланыстарды ілгерілетуге тың серпін берді. Форумның қорытындысы бойынша келісімшартқа қол қойылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арқылы Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізінде теміржол тасымалы 6,5 есе ұлғайғанын атап өтті.

«Екі елдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, екіжақты қатынастарды дамытуда транзиттік-көліктің өзара іс-қимылға зор мән беріледі. Егер Қазақстан Азияға ашылған қақпа болса, Беларусь – Еуропаға жалғасқан көпір. Біздің елдеріміз «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамының бөлігі болып табылады. Оны іске асыру біздің сауда-экономикалық байланыстарымызға жаңа серпін береді. Бүгін бұл салада Қазақстан мен Беларусь акционерлері болып табылатын бірлескен көліктік-логистикалық компания табысты жұмыс істейді.Оның қызметінің нәтижесінде соңғы үш жылда Қазақстан мен Беларусь арқылы өтетін Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы контейнерлік теміржол тасымалдау 6,5 есе өсті. Бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өзара іс-қимылымызды одан әрі арттыру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент бүгінгі күннің өзекті тақырыбы - ІТ саласын дамыту екенін айтты.

"Беларусь бұл салада халықаралық сарапшылар қауымдастығы табылған елеулі табысқа қол жеткізгенін айтып өтуіміз қажет. Минскідегі жоғары технологиялар паркі – инновациялық кластер құрудың әлемдегі үздік тәжірибесінің бірі. Қазақстан да бұл бағытты белсенді дамытуда. Бұл ретте, Назарбаев университетін атап өткен жөн. ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы негізінде Astana Hub халықаралық ІТ стартап технопаркін құрылып, ІТ университеті ашылды. Беларусь әріптестеріміздің назарын ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейтін Астана халықаралық қаржы орталығына аударамын. Бұл – посткеңестік және Еуразия кеңістігіндегі конституциялық мәртебесі бар бірегей қаржы институты", - деді ол. 

Оған қоса, екі тараптың жинақтаған тәжірибесін ескере отырып, біз бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі мәселелерді пысықтауға келіскенін атап өтті Президент. 

"Мемлекетаралық өңірлер арасында экономикалық байланыстарды белсенді дамытуға келістік. Ол үшін өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу мәселесін қарау ұсынылды. Өңірлер деңгейіндегі ынтымақтастығымыз Қазақстан мен Беларусьта өзге елдердің осындай өзара іс-қимылда жақсы тәжірибесі болғандықтан табысты және жемісті болатынына сенімдімін.Қазақстан мен Беларусь арасындағы достық қатынастың маңызды факторы – тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстар. Елдеріміздің бұл саладағы қарым-қатынасы шығармашылық хиялы қауым, оқу орындары мен ғылыми ұжымдар арасындағы тығыз байланыстар арқылы жандана түсті. Біз келесі жылы Беларусьтің мәдениет қайраткерлері Қазақстанға келіп, Қазақстан халқы алдында өнер көрсетуі керек. Өйткені қазақстандықтар беларусьтің мәдениетін сағынады. Келесі жылы біздің мәдени қайраткерлеріміз Минискіге Беларусь қалаларына баратын болады. Қазақстанның өкілдері Беларусьтағы киноконкурс, театр конкурстарына қатысып, жүлделі орынмен оралуда. Біздің талантты әншіміз Димаш Құдайбергеннің жұлдызы Беларусь елінде жанды. 2015 жылы «Славян базары» конкурсындағы оның жеңісі Димаштың әлемге танылуына жол ашты. Ғылым және білім саласы ынтымақтастық маңызды шаралармен толықтырылды", - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Беларусь Президенті   Александр Лукашенко ең басты назар сауда саласына аударылғанын айтты.

«Қазақстан Беларусьтің ТМД елдері ішіндегі басты сауда серіктесі. Соңғы жылдары өзара сауда айтарлықай артып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 900 млн долларға жетті. Биылғы жылы да оң динамика сақталды. Бұл көрсеткіш Қазақстан ауқымына да, Беларусь мүмкіндгіне де жауап бермейді.Бірлескен күшпен бұл көрсеткішті млрд долларға жеткізу мүмкіндігі бар. Басым сала ретінде өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды таңдап алдық. Демек, қарапайым саудадан бірлескен кәсіпорындарды құру бойынша операциялық байланыстарға көшеміз. Бүгінде Қазақстанда беларусь техникасы комбайн, ауыл шаруашылығы техникаларын жинау бойынша кәсіпорын сәтті жұмыс істеп тұр. Қазақстанда Минск трактор зауытының өнімдерін шығару бойынша жұмысты анықтадық», - деді А.Лукашенко.

Сонымен қатар, Беларусь басшысы екі елдің экономиканың өзге де салаларында ынтымақтасудағы әлеуеті зор екенін атап өтті.

«Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, жол құрылысы, мұнай-газ кешені, IT технологиялар, ғарышты бейбіт игеру. Дәстүрлі түрде бізді Қазақстанда өндірілетін металл, астық, мақта,мұнай-газ өнімдері қызықтырады. Беларусь мұнай жеткізуді әртараптандыру мәселесіне ерекше мән береді. Сондықтан да, бұл шикізатты Қазақстаннан Беларусьқа импорттауға мүдделіміз. Біз жақын арада транзит бойынша Ресеймен консультация өткіземіз деп келістік. Бұл мүмкіндік болса, қазақстандық мұнай Ресей аймағы арқылы Беларуське өтеді. Жоғары технологиялардың даму мүмкіндігін ескере отырып, екіжақы инновациялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, біз біздің елде венчурлық қорды құру туралы келістік, ол әлеуетті компаниялар мен кәсіпорындарды құрумен айналысады. Қазақстанның бұл салада тәжірибесі жоғары», - деді А,Лукашенко.

Сондай-ақ, А.Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты дамыту мен елдердің онда қатысу басымдығынан пайда алу туралы келісілгенін жеткізді.

«ЕАЭО аясында кедергілерсіз жұмыс істеу мен сауданы еркін жүргізу,шаруашылық субъектілеріне тең жағдай жасау бойынша келістік. Келіссөздердің негізгі нәтижесі көші-қонға, Жерді қашықтықтан зондтау мен сыртқы,құқықтық, жедел саласына қатысты халықаралық құжатқа қол қою болды. Бізді Қазақстанмен ұзақмерзімді, тыңғылықты жұмыс күтіп тұр. Қорытындысында, келіссөздер достастық қарым-қатынаста өтті. Іскерлік-сенімділік деңгейде жүзеге асырылды. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесі Минск пен Нұр-Сұлтан қалаларының стратегиялық әріптестігіне сәтті әсер етеді деген үміттемін. Мен Қазақстан Президентін келер жылы ресми сапармен Беларуське келуге шақырдым. Бұл бізге бүгінгі айтылған келісімдерді реттеуге мүмкіндік беріп, қол қойылған келісімдердің орындалғанын қарастырады. Қазақстан халқына айтарым, сіздер Беларусьпен байланыстық орнатып, дұрыс жасадыңыздар. Себебі, біз әркез баршаның сенімінен шыға білдік, сіздердің сенімдеріңізден де шығамыз. Еуропаның ортасында да сіздердің жерлеріңіз бар екенін біліңіздер», - деп қорытындылады А.Лукашенко.

 Аягөз Құрмаш


   

  

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды