• Басты
  • Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты

Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты

15 Қаңтар, 2021 10:32

Бүгін Мемлекет басшысы Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ол ҚР Конституциясының 59 бабы сәйкес Парламенттің бірінші сессиясын ресми түрде ашық деп жариялады. ҚР мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Сессияға жаңадан сайланған Мәжілістің 107 депутатының 99-ы қатысты.

ҚР Президенті сайлаудың аяқталуымен құттықтады. 

"Өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін алғыс айтамын. Алдыңғы шақырылымның депутаттары 5 жылды 410 заң жобасына қатысты. Депутаттар 60-қа жуық заң жобасын дайындады. Бұл осыған дейінгі 5 шақырылымның депутаттары дайындаған заң жобасынан да көп", - дед мемлекет басшысы. 

Құрамы жаңғырған Мәжілістің қызметі елдегі екі оқиғамен сәйкес келетінін айтты. 

"Алғашқы оқиға – Парламенттің жаңа шақырылымы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен сәйкес келіп отыр. Қазіргі Қазақстан Парламентаризмі ширек ғасырға жетті. Сайлау дамудың жаңа парағын ашты. Бұл саяси оқиға қоғамының жоғары саяси мәдениетін көрсетті, азаматтық танымын арттырды. Саяси ұстанымдарымыз әр түрлі болса да, міндет бір. Ол - Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдыру. Елбасы жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы өзінің көшбасшылығын тағы да дәлелдеді. Ел-жұрт ұшін тәуелсіздіктің төртінші онжылдығын қиын кезеңмен тұспа тұс келіп отыр. Біздің қазіргі міндетіміз – пандемия салдарын еңсеру. Уақыттан ұтылуға және босаңсуға болмайды Халық әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қалайды. Ортақ іске үлес қосу маңызды. Халық үніне құлақ асатын мемлекет идеясын одан әрі іске асыруымыз керек. Біздің стратегиялық мақсатымыз айқын. Ол – дамыған мемлекетке айналу. Дамыған мемлекент дегеніміз - дені сау, білімді халқы бар бақуатты ел", - деді ол.

Мемлекет басшысы басымдық берілетін реформаларға тоқталды. Ол сот жүйесі, ұлт денсаулығы, білім беру, балалар арасында бұқаралық спортты дамыту, ауыл әкімдерін сайлау, ауылдардың тұрмысын жақсартуға басым бағыт берілетінін айтты.

Бүгін Қ.Тоқаев Үкімет туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын. 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 15 қаңтар


Барлық жаңалықтар